RU
Фаст-фуд сатып күнелткен 19 жастағы жігіт бүгінде алтын Bentley айдап жүр

Фаст-фуд сатып күнелткен 19 жастағы жігіт бүгінде алтын Bentley айдап жүр

Рассказать Вконтакте

Саутгемптон тұрғыны Роберт Мфуне 16 жасында бірден екі жерде жұмыс істеп, жетістіктерге жетті. 19 жасына дейін фаст-фуд сатып күнелткен жігіт бүгінде алтын Bentley айдап жүр. Бұл туралы NUR.KZ порталы bigpicture.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жігіт «Макдональдста» жұмыс істеумен қатар, қалған бос уақытында қаржы компаниясының бинарлы трейдерлеріне қызмет етеді. Трейдингтің негізін түсініп алған жігіт бұл істі өздігінен қолға алуды жөн санайды.

Жігіт жұмыспен қоса оқуын қатар алып, жақсы нәтижелер көрсете бастайды. Ол оқуын бітірмей жатып миллионер атанады.

«Мен қара жұмысты істеп жүріп, білімі бар адамдардан көп нәрсе үйреніп алдым. Мен қашан да әр істі жаңа дүниені үйренудің мүмкіндігі деп қабылдадым», - дейді Роберт.

17 жасында анасының атынан парақша құрып, трейдингпен айналыса бастаған жігіттің тірлігіне бастапқыда анасы қарсы болған. Дегенмен ол өз ісін аяқсыз қалдырмай, бүгінде бай азаматтар қатарына қосылды. Роберт өз ақшасына ешкімде жоқ алтын жалатылған Bentley, жекежай мен көлік сатып алды.

Жігіттің анасы ұлын мақтан тұтады, дегенмен алтын жататылған көлігін ұнатып отырған жоқ. Айтуынша, көлікті күміспен жалатса да жеткілікті екен.

Роберттің Bentley-ден бөлек Range Rover және Volkswagen Polo көліктері бар.

Тағы да оқыңыздар:

Көңілдестің жан сыры: Тату-тәтті отбасыны бұзып, бақытымды тапқан жоқпын

Қостанайда 56 жастағы әйел 4-ші қабаттан секіріп мерт болды

Бауырлардың бір-біріне деген махаббатын көріп, желі қолданушылары жылап қалды

Путин қол астындағыларға "ресейлік ұлт туралы заң" дайындауды бұйырды

Жылқының қабырғаларын пышақсыз сыпырып алған ер адам таң қалдырды

25 жыл бойы екі қолсыз өмір сүрген жігіттің қуанышы (видео)

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel