RU
Қорада тұратын ақтөбелік келіншектің жантүршігерлік жағдайы (фото)

Қорада тұратын ақтөбелік келіншектің жантүршігерлік жағдайы (фото)

Рассказать Вконтакте

Бүгін Ақтөбедегі жасөспірімдер ісін қарайтын полиция қызметкерлері аз қамтылған отбасылардың үйін аралады. Солардың бірі 4 және 8 жастағы екі ұл тәрбиелеп отырған Наталья Иованың үйі деп хабарлайды аймақтағы NUR.KZ тілшісі.

Жесір келіншек тұратын жердің  қорадан айырмашылығы жоқ. Төбесі құлағалы тұрған баспананың ішінде бір бөлмеде ғана жаю бар. Есікке кір алаша ілінген. Бөлмені нан пісіруге арналған пешпен жылытып отыр. Үйінде тіске басар тамақ та жоқ.

«8 жастағы бала мектепке бұрын барып көрмеген. №26 мектепке апарып, баланың құжаттарын дайындап жатырмыз. Отбасы мүшелерінің ешқайсында құжат жоқ. Анасының өзінде жеке құжат болмаған. Екі баланың шешесі ішімдікке салынған. Үйіне келмейтін адам жоқ, қаңғыбастар көп жиналады. Біз тексеруге келген сайын әйелді ішімдік ішкен күйінде көреміз»,- дейді полиция капитаны Салтанат Көшқалиева.

Ауланың есігін ескі мұздатқышпен бекітіп алған отбасы полиция қызметкерлеріне де есік ашқан жоқ. Жасөспірімдер ісімен айналысатын полиция қызметкерлері ішімдікке салынған келіншектің балаларын алып кетуге келген болатын. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, қаңғыбастар көп жиналатын үй балалар үшін өте қауіпті.

«Балаларына күтім жасамаған анасы жауапқа тартылады. Комиссия арқылы ата-құқыны байланысты сұрақ қаралатын болады. Бұл үйде көп адамдар тұрады. Ішімдік ішетін қаңғыбастар жиі келеді. Біз бұл отбасын жаздан бері тіркеуге алдық. Бүгін оның балаларын алып, жасөспірімдерді уақытша бейімдеу орталығына беруіміз керек еді. Шешелері біліп қалып, балаларды жасырып отыр. Саяжайлардың бірінде енесі тұрады. Сол жаққа алып кеткен болуы мүмкін»,-дейді полиция капитаны Салтанат Көшқалиева.

Полиция қызметкерлері жеке үйдің барлық қуысын ақтарып, екі кішкентай баланы таба алған жоқ. Үйде жүрген ер адам өзін ауылдағы көршісімін деп таныстырды.

«Мен бүгін ішімдік іштім. Балалардың қайда екенін білмеймін. Наташа таңертең үйге қарап қой деп балаларды алып кетті. Наташаның ішімдік ішкенін мен бұрын көрген жоқпын. Мен бұлардың ауылдағы көршісімін. Жиі келіп тұрамын», - дейді өзін Бауыржан Алмағанбетов деп таныстырған ер адам.

Екі баласы бар жесір келіншектің үйінде екі бөгде ер адам жүр.

Тағы да оқыңыздар:

Көңілдестің жан сыры: Тату-тәтті отбасыны бұзып, бақытымды тапқан жоқпын

Қостанайда 56 жастағы әйел 4-ші қабаттан секіріп мерт болды

Бауырлардың бір-біріне деген махаббатын көріп, желі қолданушылары жылап қалды

Путин қол астындағыларға "ресейлік ұлт туралы заң" дайындауды бұйырды

Жылқының қабырғаларын пышақсыз сыпырып алған ер адам таң қалдырды

25 жыл бойы екі қолсыз өмір сүрген жігіттің қуанышы (видео)

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel