RU

Жынысын ауыстырған дағыстандық жігітті үйлену тойынан кейін өлтіріп кеткен

Бір ай бұрын жынысын ауыстырып, Раина есімді әйелге айналған 25 жастағы дағыстандық Адам үйлену тойынан кейін бір айдан соң өлі күйінде табылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұған дейін ол полицияға жүгініп, өзіне белгісіз біреулер қоқан-лоққы көрсетіп жүргенін айтқан болатын. Раинаның қалай өлтірілгені туралы әлі ақпарат жоқ. Бұл туралы Рен ТВ хабарлайды.

Дағыстандық Мәскеуге Чонтаул ауылынан келген екен. Бірақ ондағылар оның гей екенін біліп, жек көріп кеткен. Ал ол жынысын ауыстырған оң, тіптен қарғап-сілеп, қоқан-лоққы көрсете бастаған.

Айта кету керек, жігіт жынысын өзі сүйген Виктор есімді жігітке тұрмысқа шығу үшін бел буған. Оның сүйіктісі Виктор Қарашай-Черкеш елінің тумасы екен. Бұл екеуінің шаңырақ көтеруі жұртшылықтың ашуына тиген.

Раинаның туыстары да оның жынысын ауыстыруға қарсы болған.

"Әкесі бірден айтты: Оны өлтіріп тастасын, көргім келмейді" деп. Дәл солай деді. "Әкеліңдер де, көз алдымда өлтіріңдер", - деді", - дейді журналистерге қыздың ата-анасының көршілері.

Еске салсақ, Адам мен Виктор Мәскеуге танысқан. Арада сезім пайда болған соң, олар бас қоспаққа шешеді. Бұл үшін жігіттердің бірі Мәскеудегі клиникалардың бірінде жынысын ауыстыру жөнінде ота жасамақшы болып келіскен.

Бұған дейін жынысын ауыстырған жігіттің үйлену тойында оның ата-анасы да болғаны айтылған.

Тағы да оқыңыздар:

Көңілдестің жан сыры: Тату-тәтті отбасыны бұзып, бақытымды тапқан жоқпын

Қостанайда 56 жастағы әйел 4-ші қабаттан секіріп мерт болды

Бауырлардың бір-біріне деген махаббатын көріп, желі қолданушылары жылап қалды

Путин қол астындағыларға "ресейлік ұлт туралы заң" дайындауды бұйырды

Жылқының қабырғаларын пышақсыз сыпырып алған ер адам таң қалдырды

25 жыл бойы екі қолсыз өмір сүрген жігіттің қуанышы (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1302510-zhynysyn-auystyrghan-daghystandyq-zhigi.html