RU

Әйелдерге арналған ikerim.kz сайтына бір ай толды

Заманауи және жаңалыққа жаны құмар әйелдерге арналған ikerim.kz сайтына бір ай толды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Алғашында болған толқыныстың орнын қазір шабыт пен мақсаттар алмастырған. Себебі сайт осы аз уақытта өзінің тұрақты оқырмандарын тауып, жаралы жандардың сырласына, қыздардың құрбысына айналып үлгерді.

Күнделікті пайдалы ақпараттармен, кеңестермен бөлісіп, белсенді қызмет етіп келе жатқан сайттың ұжымымен таныстырып өтсек:

Бас редакторы – танымал тележурналист, қоғам белсендісі Айгүл Мүкей.

Арт-директоры – Карина Сеилова. Редакторлары – Қарашаш Есенбай мен Тенге Бекмұрзаева және Әлия Махамбет.

Фотограф — Айым Қайырбекова және дизайнер — Юлия Салимзянова, сондай-ақ IT маманы — Яна Баранова.

Сонымен қатар, сайттың «Жүрек сыры» айдарында қыздармен тұрақты сырласатын колумнистер: әлеуметтік желіде танымал Құралай Ханым, журналист, продюсер Гүлнұр Мамасарипова, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы.

Және қыз-келіншектердің сұрағына жауап беретін кеңесші, гинеколог-дәрігер Елена Дүйсекеева да ұжым қатарында.

Аталмыш топ оқырман сұранысын қанағаттандырып, сайттың белсенді жұмыс істеуіне күш салып келеді.

Бір ай көлемінде ikerim.kz-те 200-ге жуық материал жарық көрген. Оның ішінде, күн сайын танымал тұлғалардың сүбелі сұхбаттары, өмірлері ерекше оқиғаға толы кейіпкерлердің тағдыры, денсаулық пен психологияға қатысты пайдалы дүниелер, сән мен күтімге байланысты тың ақпараттар ұсынылды.

Қазақ әйелі бас иуге тұрарлық. Осы негізде оның жан-жақты болуына, үйде аяулы жар, балаларына үлгілі ана, ата-енеге сүйікті келін, жұмыста іскер әйел болулары үшін көмектесіп келе жатқан ұжымға алдағы уақытта да шығармашылық табыс тілейміз!

Портал іске қосылғалы 7000-нан аса сайттардың ішінде алдыңғы үздіктердің қатарынан көріне білді. Күн сайын сыр арқалап келетін 30-ға жуық хаттар қыз-келіншектердің өздеріне артқан сенімі деп біледі нәзікжанды ikerim.kz ұжымы.

Тағы да оқыңыздар:

Көңілдестің жан сыры: Тату-тәтті отбасыны бұзып, бақытымды тапқан жоқпын

Шымкентте өзгені құтқарамын деп ажал құшқан қызметкердің отбасы баспаналы болды (фото)

Қорада тұратын ақтөбелік келіншектің жантүршігерлік жағдайы (фото)

Құлақ тесу дәстүрін дүркіретіп өткізген қазақтар әлем назарына ілікті (фото)

Ұзынағаштың 30 жастағы тұрғыны 15 жасар қырғыз қызын күштеп ұстап отырған

Бозымбаев АИ-92 бензинінің бағасы неге көтерілгенін түсіндірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1302579-ayelderge-arnalghan-ikerim-kz-saytyna-bir-ay-t.html