RU

Апатқа ұшыраған мотоциклші өлім алдында өзін видеоға түсірген

Техас тас жолында апатқа ұшыраған мотоциклші Кевин Дипенброк өлемін деген оймен өзін видеоға түсіріп, туған-туыстарымен, достарымен қоштасқан. Видео YouTube-те жарияланды деп хабарлайды Baq.kz.

Бес күнде миллион рет көрілген роликте жерде жатқан Дипенброк телефонның бейнекамерасын қосып, жақындарынан кешірім сұрап, қоштасқаны көрініс тапқан.

«Айтайын дегенім, сендерді жақсы көремін. Ақымақ болғаным үшін кешіріңдерші мені», - дейді мотоциклші.

Құтқарушылар апаттан зардап шеккен ер адамды бір тәуліктен кейін тауып алды. Ауруханада Дипенброктың 12 қабырғасы 17 жерден сынғаны анықталды, омыртқасы мен өкпесі де зақымданыпты. Екінші мотоциклші, оның досы Филлип Полито апаттан аман қалмады.

Ескертпе: Жүйкесі жұқа адамдарға видеоны қарауға кеңес бермейміз!

Тағы да оқыңыздар:

Көңілдестің жан сыры: Тату-тәтті отбасыны бұзып, бақытымды тапқан жоқпын

Шымкентте өзгені құтқарамын деп ажал құшқан қызметкердің отбасы баспаналы болды (фото)

Қорада тұратын ақтөбелік келіншектің жантүршігерлік жағдайы (фото)

Құлақ тесу дәстүрін дүркіретіп өткізген қазақтар әлем назарына ілікті (фото)

Ұзынағаштың 30 жастағы тұрғыны 15 жасар қырғыз қызын күштеп ұстап отырған

Бозымбаев АИ-92 бензинінің бағасы неге көтерілгенін түсіндірді

Жамбыл облысында биіктен құлап мүгедек болып қалған азамат көмекке мұқтаж

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1302689-apatqa-ushyraghan-motociklshi-olim-aldy.html