RU

Алексей Ни: Подобедова спорттық мансабын жалғастыруы мүмкін

Лондон Олимпиадасының чемпионы Светлана Подобедова спорттық мансабын жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы Қазақстанның ауыр атлетикадан бас жаттықтырушысы Алексей Ни мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ни өз сөзінде зілтемірші қыздарымыздың спорттық мансаптарын одан ары жалғастыру-жалғастырмауы Халықаралық ауыр атлетика федерациясы қабылдайтын жазаға байланысты екендігін атап өтті.

«Егер жарыстарға қатысудан шеттету мерзімі 2 жыл болса, онда олар ары қарай жалғастырады. Ал егер 4 жыл болса, онда спорттық мансаптарын аяқтайды. Чиншанло спорттық мансабын ары қарай жалғастыратындығын табанды түрде айтуда. Өйткені, оған жасы мүмкіндік береді, қазір ол небары 23-те. Ал Подобедова әуелде «жоқ» деген болатын. Алайда, ойлана келе шешімді (Халықаралық ауыр атлетика федерациясының шешімі) күтетіндігін айтты. Егер 2 жыл болса, онда ол спорттық мансабын жалғастырады. Оның жасы қазір 30-ға келгенімен, әлеуетті өте жоғары спортшы», - деді Ни.

Бас жаттықтырушы сонымен қатар Майя Манеза спорттық мансабын одан ары жалғастырмауы мүмкін екендігін ашық айтты.

Айта кетейік, Халықаралық Олимпиада комитеті допинг сынамада тыйым салынған заттар табылған 2012 жылғы Олимпиада чемпиондары Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зульфия Чиншанлоның көрсеткен нәтижелерін жоққа шығарғанын ресми хабарлаған болатын.

Ал кеше отандық бұқаралық ақпарат құралдары Светлана Подобедованың спорттық мансабын аяқтағандығын жазған еді.

«Спортшы ретінде енді қайтып тұғырға оралмаймын. Мен бұл шешімді Риоға дейін, ол жақта қандай өнер көрсететініме қарамастан, қабылдаған болатынмын. Бұл менің жеке шешімім», - деген еді спортшы.

Тағы да оқыңыздар:

Көңілдестің жан сыры: Тату-тәтті отбасыны бұзып, бақытымды тапқан жоқпын

Шымкентте өзгені құтқарамын деп ажал құшқан қызметкердің отбасы баспаналы болды (фото)

Қорада тұратын ақтөбелік келіншектің жантүршігерлік жағдайы (фото)

Құлақ тесу дәстүрін дүркіретіп өткізген қазақтар әлем назарына ілікті (фото)

Ұзынағаштың 30 жастағы тұрғыны 15 жасар қырғыз қызын күштеп ұстап отырған

Бозымбаев АИ-92 бензинінің бағасы неге көтерілгенін түсіндірді

Жамбыл облысында биіктен құлап мүгедек болып қалған азамат көмекке мұқтаж

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1302705-aleksey-ni-podobedova-sporttyq-mansa.html