Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да есек сойып сатумен айналысқан тұрғын жаға ұстатты

Опубликовано:

Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданында есек ұрлап, сойып, оның терісін сатумен айналысты деген күдікті ұсталды. Жасы 30-дан асқан азаматты қолға түсіруге «Рекс» есімді қызметік ит көмектескен деп жазады sn.kz.

Мақтарал аудандық ІІБ-не бірнеше тұрғын арызданып, есектерін белгісіз біреудің ұрлап кеткенін хабарлаған. Оқиға орнына полицейлермен бірге кинологтар да барып, иіссезгіш қызметтік ит қылмыстың ізін суытпай ашып берді. Белгілі болғандай, күдікті азамат мақта алқабында есектерді сойып, терісін сатумен айналысып келген екен.

Ұсталған азамат 1985 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Ол жасаған қылмысын толық мойындаған. Заттай айғақ ретінде полицейлер одан төрт есектің терісін тәркілеп алды.

Аталған жайт бойынша қылмыстық кодекстің екі бабы: "ұрлық" және "жануарларға қорлық көрсету" деректері бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Тағы да оқыңыздар:

Көңілдестің жан сыры: Тату-тәтті отбасыны бұзып, бақытымды тапқан жоқпын

Шымкентте өзгені құтқарамын деп ажал құшқан қызметкердің отбасы баспаналы болды (фото)

Қорада тұратын ақтөбелік келіншектің жантүршігерлік жағдайы (фото)

Құлақ тесу дәстүрін дүркіретіп өткізген қазақтар әлем назарына ілікті (фото)

Ұзынағаштың 30 жастағы тұрғыны 15 жасар қырғыз қызын күштеп ұстап отырған

Бозымбаев АИ-92 бензинінің бағасы неге көтерілгенін түсіндірді

Жамбыл облысында биіктен құлап мүгедек болып қалған азамат көмекке мұқтаж

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1302782-oqo-da-esek-soyyp-satumen-aynalysqan-t/

pixel