RU
Алматы облысында мал сатуға шыққан ағайындылардың өліміне қатысы бар тағы бір күдікті ұсталды

Алматы облысында мал сатуға шыққан ағайындылардың өліміне қатысы бар тағы бір күдікті ұсталды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында ағайындылардың өліміне қатысты үшінші күдікті анықталды. Үңгіртас ауылының тұрғыны Бақыт Байқасымов марқұмдардың қалай өлтірілгенін көрген деп хабарлайды КТК арнасы.

Үш ағайындының өліміне қатысы бар делінген үшінші күдікті Үңгіртас ауылынан екен. Елді мекен қалған екі күдіктінің ауылдарына жақын орналасқан. Және ұрлықы мал біраз күндері сол жерде ұсталып жүріпті. Және оның барлығын көрші-қолаң көрген. Олар ауылдастарының бұл қылмысқа қатысы барына еш таңқалмай отыр. Өйткені, Бақыт Байқасымов бұрын да істі болған екен.

Бақыт Байқасымовты о баста қамалған екі күдікті байқаусызда ұстап берген екен. Басында «тек екеу болдық» дегендер қастарында тағы танысының жүргенін айтып қалған. Үшінші күдікті қанды қылмыс болған кезде тауда мал бағып жүріпті.

"Өзінің малы емес ол, ол-шабан. Біреудің шабаны болып жұмыс істейтін. Ол табылған жұмыс істеді ғой былайша айтқанда. Оның үйі де жоқ, күйі де жоқ. Жалғыз өзі әйтеуір күнкөріс. Қайда тұратынын білмейміз", - дейді Бақыт Байқасымовтың туысы Гүлжан Жұрманова.

Байқасымовтың жеңгесінің өзі қайынысының кісі өліміне қатысы бар-жоғын білмеймін деп басын ала қашты. Есесіне көршілері жігіттің жүрісі жайлы айтып берді. Үш ағайындының өліміне қатысы бар делінген үшінші күдікті ауылда үнемі шаруасыз, әрі арақ ішіп жүріпті.

"Енді көреміз ғой ауылда жүргенде арақ ішетінін. Топталып жүргенде ішеді, көшеден ішіп жүргенін көреміз", - дейді Үңгіртас ауылының тұрғыны Орынкүл Батырханова.

Бақыт Байқасымов марқұмдардың қалай өлтірілгенін көзбен көрген. Ол байқаусызда қылмыстың үстінен түсіпті. Жігіт, тіпті, әлі тірі жатқан Қаділбекке араша түспек те болған екен. Бірақ өзін де қоса атып жібере ме деп қорқып, қылмыс туралы жақ ашпаған. Полиция оны сыбайлас ретінде күдікке алғанымен, кейін қолхатпен жібере салған. Десе де, марқұмдардың туыстары оның да жазаға тартылуын сұрап отыр.

"Бақыт қылмыстың үстінен түскен. Мүмкіндігі бола тұра мәлімдеген жоқ. Сондықтан ол да сол қылмысқа қатысқан деп есептейміз. Оны ұйымдастырған басқа да адамдар болуы мүмкін", - дейді марқұмдардың туысы Еркін Бейсеке.

Күдіктілердің мәйіттерді ауыл арқылы алып өткендігі де күдік тудырады. Қазір тергеу аяқталған. Оларға қатысты сот осы қараша айында басталады деп күтілуде.

Тағы оқыңыздар:

Британдықтар Ресейді тыңшы әрі қатыгез ел деп атады

Назарбаев Қаржы министрін Ақордаға шақыртты

Дипломаттар Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтаруға барын салуда

Семейде кішкентай қызын суға лақтырдым деген келіншекке туыстары сенбей отыр

Жамбыл облысында биіктен құлап мүгедек болып қалған азамат көмекке мұқтаж

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel