RU

Имиджін ауыстырған отандық продюсер адам танымастай өзгеріп кетті (фото)

Танымал отандық продюсер Алуа Қонарова имиджін өзгертіп, желі қолданушыларын таң тамаша етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында айтты.

Ол желіге сурет жүктеп, оқырмандары оны танымай қалды.

"Имиджімді өзгерттім. Қатты сөкпеңіздер, өзімнің де көзім әлі үйренген жоқ. Әйтеуір, кәсіби, шетелден оқып келген мамандар жұмыс жасайтын салон таптым ғой. Маған әрбір клиентке деген дербес көзқарастары, жеделдігі (үнемі асығып жүремін), сапасы мен қызметтері қаты ұнап қалды", - деді ол.

Үнемі шашын жинап жүретін Алуа енді шашын қысқа етіп қидырып, басқа түске бояған. Ал жіңішке қастарын заманауи үлгіге сай қалың етіп бояп қойды.

Мұны көрген желі қолданушылары оның жаңа имиджін ұнатып қалды. Олар тіпті оны әнші Қарақатқа ұқсатып, оның сұлуланып кеткенін де атап өтті.

Тағы да оқыңыздар:

Көңілдестің жан сыры: Тату-тәтті отбасыны бұзып, бақытымды тапқан жоқпын

Петропавлда ұрылар шырт ұйқыдағы зейнеткерді оятып, оны тонауға келгенін айтқан

Алексей Ни: Подобедова спорттық мансабын жалғастыруы мүмкін

Британдықтар Ресейді тыңшы әрі қатыгез ел деп атады

Назарбаев Қаржы министрін Ақордаға шақыртты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1303125-imidzhin-auystyrghan-otandyq-prodyuser.html