RU

Сүйіктіңізді шектен тыс қызғанудың арты неге соқтырады?

Қызғаныш туралы айтқанда барлығының оқиғасы ұқсас картина. Дегенмен бұл тұрғыда нәзік жандылардың пікірі екіге бөлінеді. Біреулер үшін қызғанады, демек сүйеді.

Ал келесі топ үшін ол — қайғы. Өзіңіздің қай топта екеніңізді анықтап алыңыз деп жазады Ikerim.kz сайты.

Екінші топтың үстем болатынына сенім мол. Себебі қызғанғаны арқылы махаббатын өлшейтін көбінде әлі тұрмыс құрмаған қыздар. Отбасын құрған соң «Мені не үшін қызғанады?» деп «жырлай» бастайды…

Қай жағынан алғанда да қызғаныштың шектен шығуы жақсы емес. Ол адамды соқыр етіп, есінен айыруы мүмкін. Оның салдарынан болған оқиғалардың бірнешеуін сізде тісіп айтып бере аласыз. Біз бірден іске көшсек…

Қызғаныштан неден туындайды?

Қорқыныш. Ал қорқыныш сүйетініңді ұмыттырады.

Өзіне деген сенімсіздік. Серігіңіз сізден «жақсы» біреуді тауып алуы мүмкін деген ой.

Жеткілікті сезімге бөленбеуі. Сүйіктісінің өмірінде өз орнын қалыптастырғысы келуі.

Қызғаныштан құтылудың жолдары:

Махаббатқа сызат түсіретін нәрселерден қашыңыз. Мысалы сүйіктіңіздің телефонын, қойын дәптерін тексеру түкке қажетсіз. Сол себепті бұл қылығыңызды енді қайталаушы болмаңыз. Ол қызғаныштың үдеуіне қана ықпал етеді.

Қорқыныштан арылыңыз. Біздің санамыз өзіне қорқынышты жайттар туралы ойлағысы келмейді. Қызғанышқа келгенде де осыны ұстаныңыз. Мысалы сіз қараңғыдан қорқатын болсаңыз, қараңғыға бармауға тырысасыз ғой. Сол сияқты оны басқа біреуге кетіп қалады деген ойды да санадан шығарып тастау керек.

Салыстыруды доғарыңыз. Өзіңізді де, серігіңізді де біреумен салыстырып, айтықшылығын, кемшілігін тізудің қажеті жоқ.

Қарым-қатынасыңызды жақсарту үшін барыңызды салыңыз. Оның тілегін орындап, қамқорлық пен кішіпейілділік танытыңыз.

Сүйіктіңізге сеніңіз. Сенім бар жерде ғана тыныштық пен жайлылық болады.

Кешіруге дайын болыңыз! Түймедейді түйедей ету ешкімге абырой әпермейді.

Тағы оқыңыздар: 

Әкесі - судья, күйеуі - шенеунік. Қайрат Мәмидің қызы немен айналысады?

ОҚО-да үш баласы бірінен соң бірі қайтыс болған әйел бұл жайтқа дәрігерлерді кінәлауда

Елімізде допинг қолданған спортшылар енді түрмеге жабылуы мүмкін

ОҚО-да ойда-жоқта екінші әйелге ие болған ер адам екеуімен бір төсекте жатады

Теңге қайтадан құлдырай бастады

Зейнетақы қорындағы қаражат енді шетелдік мамандардың қолына көшеді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1303153-suyiktinhizdi-shekten-tys-qyzghanudynh.html