RU

Отандық футболшы айына миллиондап жалақы алғаны үшін қысылмайтынын айтты

«Ақтөбе» ФК бұрынғы шабуылшысы Алексей Щеткин «Время» газетіне берген сұхбатында клубта алған жалақысы жайлы айтып берді деп хабарлайды Ақтөбе клубы жанкүйерлерінің ресми тобы.

31 қазан күні клуб 2016 жыл жалақысының тізімдемесін жария етті. Айына тоғыз миллион алған Щеткин командадағы айлығы ең көп ойыншы екені анықталды.

Аталған құжатқа пікір білдірген футболшы сондай жалақыны өзі тағайындамағанын, клуб тағайындағанын айта кетті.

«Қазіргі уақытта өз кірісіңді ашық көрсету қауіпсіз емес! Сондықтан да бұл туралы менің уайымдауым орынды. Мен жалақымды заңды түрде алдым, сол үшін салық төледім. Сондай жалақы төлеуді ұсынды – мен келісіп өз жұмысымды жасадым. Мен ол ақшаны ұрлап алғаным жоқ қой!» - деді Щеткин.

25-жасар Щеткин «Ақтөбеге» 3 шілдеде ауысып, ҚПЛ матчтарында 6 доп соққан, екі голдық пас берген. Шабуылшы «ақ-қызылдар» сапына «Астана» футбол клубынан жалға алынған және өзінің бұрынғы командасы «Астанаға» қарсы шығудан бас тартқаннан соң клубта жанжал шығып, нәтижесінде 20 қыркүйекте «Ақтөбеден» кетіп тынды.

Еске салсақ, бұған дейін Самат Смақов "Ақтөбеден" ай сайын 6 млн теңге жалақы алатыны, ал Щеткин 9 млн теңгелік жалақыға ие екені хабарланған болатын.

Тағы оқыңыздар: 

Руслан Күлекбаев өлім жазасына кесілді

Әкесі - судья, күйеуі - шенеунік. Қайрат Мәмидің қызы немен айналысады?

Тоқаев еліміздің ағылшын тіліндегі атауын Qazaqstan деп өзгертуді ұсынды

Алматы облысының тұрғыны хиджаб киюден бас тартқан әйелін жауыздықпен өлтірді (фото)

Ресей Қазақстанға Тайсойған полигонының біраз бөлігін қайтарып берді

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1303365-aleksey-shchetkin-men-aqtobedegi-zhala.html