RU

Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбай сотта жылап жіберді (видео)

Ақжарқын Тұрлыбай 24.kz арнасына сұхбат беріп, жақындарынан кешірім сұрады.

Қытайда есірткі тасымалдады деп айыпталып, өмір бойы бас бостандығынан айырылған Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты бірінші сатыдағы соттың жаңа отырысы басталды.

Сот отандасымыз ұсталған Гуандун провинциясы, Гуанчжоу қаласында өтіп жатыр. Сотта аудармашы болғанымен сұрақтарға Ақжарқынның өзі қытайша жауап беруде. Бұған дейінгі отырыстардың барлығына қатысқан Ақжарқынның анасы бұл жолы келе алмады. Ақжарқын Тұрлыбайдан сот отырысының соңында сәл сұxбат алудың сәті түсті.

"Маған қолдау көрсеткен жандардың барлығына рақметімді айтамын. Елшілікке, адвокаттарға, барлығыңызға рақмет. Әділеттілік орнап, бәрі де жақсы болатынына сенемін. Жақындарымнан кешірім өтінемін", - дейді айыпталушы Ақжарқын Тұрлыбай.

Естеріңізде болса, 21 жастағы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Малайзиямен шекарасында есірткімен ұсталды. Биыл 7 сәуірде апелляциялық сатыдағы сот Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өзгерту және істі бірінші сатыдағы соттың қарауына жіберу туралы шешім шығарды.

Видео: Телеканал Хабар 24

Тағы оқыңыздар: 

Руслан Күлекбаев өлім жазасына кесілді

Әкесі - судья, күйеуі - шенеунік. Қайрат Мәмидің қызы немен айналысады?

Тоқаев еліміздің ағылшын тіліндегі атауын Qazaqstan деп өзгертуді ұсынды

Алматы облысының тұрғыны хиджаб киюден бас тартқан әйелін жауыздықпен өлтірді (фото)

Ресей Қазақстанға Тайсойған полигонының біраз бөлігін қайтарып берді

Базарда шай сатқан жігіт қалай танымал модельге айналды? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1303461-aqzharqyn-turlybay-zhaqyndarynan-keshi.html