RU

Руслан Күлекбаевқа қатысты үкім мораторийге байланысты орындалмауы мүмкін

Руслан Күлекбаевқа қатысты өлім жазасын тағайындау үкімі мораторийге байланысты орындалмауы мүмкін деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Күлекбаевқа қатысты сот үкімі шықты. Сот айыптау тарапының ең жоғарғы жаза тағайындау туралы ұстанымын толығымен қолдады. Бүгінгі таңда Қазақстанда өлім жазасын орындауға мораторий жарияланған. Осыған байланысты аталған жаза орындалмауы мүмкін. Мораторий мерзімі шексіз, бірақ ол кез-келген уақытта тоқтатылуы мүмкін. Осы мәселе нақты шешілгенге дейін Күлекбаев түрмеде жазасын өтей береді», - деді Бостандық ауданы прокурорының орынбасары Бауыржан Ертаев.

"Президент жарлығына сәйкес, елімізде өлім жазасына қатысты сот шешімдерін іске асыру тоқтатылды. Алайда заң бойынша судьяларға ондай шешім шығаруға шектеу жоқ. Соңғы рет Қазақстанда адамды өлім жазасына кесу туралы шешім он жыл бұрын, 2006 жылы шығарылған болатын", - дейді Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мамандары.

Тағы оқыңыздар: 

Руслан Күлекбаев өлім жазасына кесілді

Әкесі - судья, күйеуі - шенеунік. Қайрат Мәмидің қызы немен айналысады?

Тоқаев еліміздің ағылшын тіліндегі атауын Qazaqstan деп өзгертуді ұсынды

Алматы облысының тұрғыны хиджаб киюден бас тартқан әйелін жауыздықпен өлтірді (фото)

Ресей Қазақстанға Тайсойған полигонының біраз бөлігін қайтарып берді

Базарда шай сатқан жігіт қалай танымал модельге айналды? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1303501-ruslan-kulekbaevqa-qatysty-ukim-mora.html