RU

Ақжарқынның анасы: Менің жүрегім сенімен бірге деп біл, жаным

Қытайда сотталып жатқан Ақжарқын Тұрлыбайға анасы аудио жазба жіберіп, сот барысында демеу болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақжарқыным, алтыным, еш уайымдама! Бәрі жақсы болады, Құдай қаласа, аз қалды. Адвокаттарың да жақсы жұмыс істеп жатыр. Оларды да Құдай алдарынан жарылқасын! Бізге жасаған жақсылықтары Құдайдан қайтсын дейміз. Жаным-ау, алтыным-ау әр адамның өзіне берсін, пешенесіне берсін! Алтыным, күнім, ақылым сені қатты жақсы көремін. Сен оны білесің. Атаңның, апаңның, анаңның жүрегі сенімен бірге деп біл, жаным. Бәріміз сені сағынып отырмыз. Ертерек ораларсың үйге. Құдай қаласа, бәрі жақсы болады», - дейді Ақжарқынның анасы аудио жазбасында.

Айта кетейік, ҚХР Гуандун провинциясы Гуанчжоу қаласының бірінші сатыдағы сотында Ақжарқын Тұрлыбайдың ісін қайта қарау басталды.

Еске сала кетейік, 21 жастағы қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Малайзиямен шекарасында есірткімен ұсталған болатын. Оның жүк сөмкесінен 4,5 келі есірткі табылды, Ақжарқын ол туралы білмейтінін мәлімдеген.

Осы іс бойынша Қытайдың Гуанчжоу соты Ақжарқын Тұрлыбайды есірткі контрабандасымен айналысты деп айыптап, өмір бойына бас бостандығынан айырды. 2016 жылы 7 сәуірде апелляциялық сатыдағы сот Ақжарқын Тұрлыбайдың өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өзгерту және істі бірінші сатыдағы соттың қарауына жіберу туралы қаулы етті.

Тағы оқыңыздар: 

Руслан Күлекбаев өлім жазасына кесілді

Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбай сотта жылап жіберді (видео)

Әкесі - судья, күйеуі - шенеунік. Қайрат Мәмидің қызы немен айналысады?

Отандық футболшы айына миллиондап жалақы алғаны үшін қысылмайтынын айтты

Украина орыс тіліндегі басылымдарға жаппай тыйым салмақшы

Ресей Қазақстанға Тайсойған полигонының біраз бөлігін қайтарып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1303517-aqzharqynnynh-anasy-meninh-zhuregim-seni.html