RU

Ресейлік қыз "Ислам мемлекетінің" содырына ессіз ғашық болып қалған

МГУ студенті Александра Иванова "Ислам мемлекетінің" содырына ессіз ғашық болып қалған деп хабарлайды centralasian.org.

Сербский атындағы институттың мамандары МГУ студенті Александра Ивановадан (Варвара Караулова) қандай да бір психикалық ауытқушылықты байқамаған.

Мәскеу аймақтық әскери сотында сот психолого-психиатриялық сараптама қорытындысын жасаған аталған мекеме тек 2015 жылдың маусым айында Ивановадан қысқа мерзімде күйзеліс байқалған дейді.

Эксперттік комиссияның хабарлауынша, Сербский институтта тексеруден өткен кезде студент қызметкерлерге көмектесіп, қарсыласпаған. Оған былтыр қойылған шизотиптік бұзылу диагнозы анықталмаған.

Студент қыз Мәскеуде 2015 жылдың 27 мамырында жоғалып кеткен. Сол жылы маусым айында түрік-сирия шекарасында 13 ресейлік ұсталған, солардың арасында Караулова да болған. Тергеу ісіне сәйкес, ұсталғандар Сирияға барып, «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының құрамына кірмек болған. Караулова Мәскеуге келіп, аты-жөнін өзгерткен. Оған террористік ұйымның құрамына кірмек болды деген айып тағылды.

Тергеу кезінде студент кінәсін мойындаған. Қыздың ата-анасы интернет арқылы танысқан виртуалды жігітке ессіз ғашық болды, ғашығы ИМ өкілі болып шықты дейді.

Тағы оқыңыздар: 

Руслан Күлекбаев өлім жазасына кесілді

Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбай сотта жылап жіберді (видео)

Әкесі - судья, күйеуі - шенеунік. Қайрат Мәмидің қызы немен айналысады?

Отандық футболшы айына миллиондап жалақы алғаны үшін қысылмайтынын айтты

Украина орыс тіліндегі басылымдарға жаппай тыйым салмақшы

Ресей Қазақстанға Тайсойған полигонының біраз бөлігін қайтарып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1303534-reseylik-qyz-islam-memleketininh-sody.html