RU

Күлекбаев өлім жазасына кесілген күні оның қолынан қаза тапқан полицей 25-ке толды

Бүгін Алматыдағы атыста қаза тапқан ең жас полицей Мақсат Сәлімбаевтың туған күні. Ол тірі болғанда бүгін 25 жасқа толар еді. Бұл туралы NUR.KZ тілшісіне сот үкімі шыққан күні оның әкесі Қолғанат Сәлімбаев жеткізді.

«Бүгін Мақсатымның туған күні, тірі болса 25-ке толар еді. Осындай қанішердің кесірінен, қарамайсыз ба не болып жатқанын?! Қылмыскерге өлім жазасын бергеніне ризамын», - дейді Қолғанат Сәлімбаев.

Мақсаттың әкесі бүгін шыққан сот үкімінің орындалғанына көз жеткізуім керек деп отыр.

«Біз үкімнің орындалғанына көз жеткізуіміз керек. Оның өлгенін бізге көрсетсін, ата-аналарға. Және сондай теріс пиғылдағы адамдарға сабақ болсын. Погон таққан сақшыларды осылар атып кете берсе не болады? Заңды күшейтіп, осындай жауыздардың алдын алу керек. Бұдан былай жауыздықтар қайталанбасын», - деді ол бізге берген сұхбатында.

Естеріңізге салсақ, Мақсат Сәлімбаев Алматы ІІД Әуезов ауданы жол-патрульдік қызметінде жұмыс істеген. Көз жұмған полицейдің артында бір жасар қызы мен жүкті әйелі қалды.

Ол отбасында бес баланың үлкені болған.

Мақсат Сәлімбаев оқиға орынында қаза тапқан. Ол Ұлттық қауіпсіздік қызметі ғимаратының алдында атылған оқтан көз жұмған еді.

Мақсатты өзі туып-өскен ауылы Қаракәстекте жерледі.

Еске салсақ, 18 шілдеде Алматыда теракт болды. Бұл оқиғалардан бес адам мерт болды. 19 шілде күні ауруханада тағы бір полицей – Тимур Бегасылов көз жұмды. Тергеу нұсқасы бойынша, 26 жасар Руслан Күлекбаев Алмалы ауданы ІІБ мен Ұлттық Қауіпсіздік қызметі департаментіне шабуыл жасаған.

Атыста қаза тапқан тәртіп сақшыларының жақындары оларға ескерткіш орнатуды ұсынып отыр.

Тағы оқыңыздар: 

Руслан Күлекбаев өлім жазасына кесілді

Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбай сотта жылап жіберді (видео)

Әкесі - судья, күйеуі - шенеунік. Қайрат Мәмидің қызы немен айналысады?

Отандық футболшы айына миллиондап жалақы алғаны үшін қысылмайтынын айтты

Украина орыс тіліндегі басылымдарға жаппай тыйым салмақшы

Ресей Қазақстанға Тайсойған полигонының біраз бөлігін қайтарып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1303573-kulekbaev-olim-zhazasyna-kesilgen-kun.html