RU

Ақтөбелік тұрғынның қымбатқа алған етігі 20 күннен кейін қақ бөлініп қалды (фото)

Ақтөбелік тұрғын сатып алған қымбат етік 20 күнде бөлініп қалған деп хабарлайды өңірден NUR.KZ тілшісі.

«Сіңілім «Айна» сауда үйіндегі 304 бутиктен етік алды. «Таза теріден жасалынған, бірнеше жыл киюге болады» деп сатты. Сатып алғанымызға 20 күн болды. Сол уақыт ішінде 5-6 рет қана киіген шығармыз. Жуып салып қою үшін тазартайық деп қарасақ, асты бөлініп қалған. Алған жерімізге барсақ, табанын дұрыстап береміз деп отыр. Сонда біз 27 мыңға жамалған етік киеміз бе? Біз базардан алып тұрған жоқпыз, керемет сапала етіктер сатылады деген соң арнайы «Айна» сауда үйіне барған болатынбыз. Ол аз ақша емес, бір адамның айлығы. Ақшамызды қайтарып беруді сұрасақ, өзімізді балағаттап жіберді», - дейді ақтөбелік тұрғын Әсия Абжанова.

Сіңілісі мен апасы сапасыз етікті алдап сатқандардың үстінен арнайы орындарға шағым түсіретіндерін айтады. Олар басқа тұрғындардың да ұрынып қалмауын ескертеді.

«Студент екенімді айттым. Етікке ақшаны ата-анам беріп отыр деп жағдайымды түсіндірдім. Жақсы етік алып, бірнеше жыл кигім келген. Ал сатушы бізге жаман сөздер айтып, балағаттап жатыр. Сауда үйінің әкімшілігіне де бардық. Біздің алдымызда бұрын осындай жағдай болған екен. Оған жасап берген. Қымбат дүкенде етіктер сапалы болады деп адамдар көп ұрынып жатады. Ешкімнің дауласып жүруге уақыты жоқ. Көбіне қазақшылыққа салынып қалып қояды. Сондықтан біз өз құқымызды соңына дейін қорғаймыз», - дейді қымбат етігінің сапасыз болып шыққанына өкінген студент.

Сатушы қыз етіктің сапасыз екенін ертерек білгенде оны жөндеп, басқа адамға сатып жіберетінін айтады.

«Мен етік тікпеймін тек сатушымын. Кейбір аяқ киімдерде ондай болады. Ол етік сапалы теріден тігілген аяқ киім тек табаны дұрыс емес. Негізгі иесі етікті тастап кетуін сұрады. Біз ол етікті жөндеп беруге қарсы емеспіз. Негізгі тәртіп бойынша етік киілмеген жаңа күйінде тұрса біз қайтарып аламыз. Ол 20 күн бойы киіп, ақшасын қайтарып алғысы келеді. Бұл зауытта жасалған кезде болған кемшілік. Ертең бұл туралы түріктерге ескертетін боламыз. Ал олар мына жерге келіп бізге айқайлайды. Етік қарауға келген адамдарға алмаңдар деп жатыр. Киілген етікті ертең мен қалай сатамын. 14 күн ішінде әкелсе мен оған бірдеңе жасар едім»,  - дейді сатушы.

Тағы оқыңыздар: 

Руслан Күлекбаев өлім жазасына кесілді

Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбай сотта жылап жіберді (видео)

Әкесі - судья, күйеуі - шенеунік. Қайрат Мәмидің қызы немен айналысады?

Отандық футболшы айына миллиондап жалақы алғаны үшін қысылмайтынын айтты

Украина орыс тіліндегі басылымдарға жаппай тыйым салмақшы

Ресей Қазақстанға Тайсойған полигонының біраз бөлігін қайтарып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1303591-aqtobelik-turghynnynh-qymbatqa-alghan-e.html