RU

Тойына 212 млн теңгелік көйлек киіп шыққан тәжік ханшайымының ғажайып өмірі

Тәжік олигархы Илхом Шокировтің Мадина есімді қызы тойына 212 млн теңгелік көйлек киіп шыққаннан кейін оның жеке өмірі талай адамды қызықтыра түсті деп хабарлайды NUR.KZ.

Тіпті миллонердің қызының күнделікті өмірі, киім киісі мен қалай жүріп-тұратынына дейін желі қолданушыларын қызықтыруда.

Айта кетейік, тойы Мәскеу төріндегі ең қымбат мейрамханада дүркіреп өткен 27 жастағы Мадина Шокирова мұндай сән-салтанатқа кішкентай күнінен еті үйренген.

Олигарх мұрагеріне дүниеге келген күннен бастап-ақ, ең қымбат дүниелерді үйіп-төгіп, қызын тек бағалы деген сыйлықтармен қуантып отырған.

Мәселен Мадина жаңа жылды 20 жыл бойы Дубайдың 5 жұлдызды қонақ үйінде қарсы алып келеді. Ал әлемінің ең қымбат қаласына бойжеткенді жеке ұшағы жеткізеді.

Сонымен қатар тәжік ханшайымы жылына екі рет Парижде өтетін сән апталығына қатысады. Әрине ханшайым ол жерде атақты Голливуд жұлдыздарымен және танымал Vogue журналының бас редакторы Анна Винтурмен алдыңғы қатарда отырады.

Мадина Мәскеуге Сән апталығынан жаңа топтамадан су жаңа киімдер алып келетіні сөзсіз.

Өзінің үлкен гардеробындағы кей заттарды Шокирова Инстаграмдағы парақшасында көрсетіп тұрады.

Мәселен, оның парақшасынан Hermes, Dior, Chanel және итальяндық Valentino брендінің сөмкелерін кездестіруге болады. Мадинаға тиесілі сөмкелердің жалпы құны шамамен 300 миллион рубльге тең.

Барлық фото Мадина Шокированың желідегі парақшасынан алынды

Тағы оқыңыздар: 

Көңілдесімен қосылып туған ұлын сабаған ана полицейлерді есеңгіретті

Күлекбаев өлім жазасына кесілген күні оның қолынан қаза тапқан полицей 25-ке толды

Қазақстандықтар асыға күтіп отырған фильмді Назарбаев тамашалады

Украина орыс тіліндегі басылымдарға жаппай тыйым салмақшы

Түркістандағы шағын ауылдың тұрғындары бүкіл елді жиһазбен қамтып отыр

Сүйіктіңізді шектен тыс қызғанудың арты неге соқтырады?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1303664-toyyna-212-mln-tenhgelik-koylek-kiip-shyqq.html