RU

Көңілдесімен қосылып туған ұлын сабаған ана полицейлерді есеңгіретті

Әуезов аудандық тәртіп сақшылары отбасында қорлық көрген жасөспірімге қол ұшын созды. 16 жасар баланың басынан өткен оқиғасы Әуезов аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерінің жағасын ұстатқан.

NUR.KZ порталына хабарлағандай, жергілікті полицейлер бұл ер баланы «Сайран» автобекетінің аумағынан тауып алған. Ол бірнеше күн бұрын Талдықорғандағы өз үйінен қашып кеткен.

Жасөспірімнің сөзінше, 2014 жылы оның әкесі қайтыс болады. Оған дейін де ішімдікке бейім анасы осы оқиғадан кейін күнде ішетінді шығарған. Содан кейін үйге басқа еркекті кіргізіп алған. Екеуі мас күйінде баланы таяқтың астына алатын болған.

16 жастағы ер бала өз жиған-терген ақшасымен Алматыға қашуға мәжбүр болады. Бірнеше күн автобекет маңында қалған-құтқан тамақ қалдықтарын талғажау етіп жүрген.

"Кеше біздің бөлімшенің инспекторлары оны кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау және оңалту орталығына орналастырды, баланы бірден жуындырып, тамағын берді. Ол сол жерде ата-анасына қатысты белгілі бір шешім шыққанша жүре тұрады. Біз Алматы облыстық Ішкі істер департаментіндегі әріптестермізді іске қостық», - деді ювенальды полиция бөлімінің басшысы Лейла Әліпбаева.

Кәмелетке толмағандар арасында ахуалды тұрақтандыру мақсатында 1-11 қараша аралығында Алматы қаласында «Жасөспірім» республикалық жедел-алдын алу шарасы жоспарланған.

Тағы оқыңыздар: 

Руслан Күлекбаев өлім жазасына кесілді

Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбай сотта жылап жіберді (видео)

Әкесі - судья, күйеуі - шенеунік. Қайрат Мәмидің қызы немен айналысады?

Отандық футболшы айына миллиондап жалақы алғаны үшін қысылмайтынын айтты

Украина орыс тіліндегі басылымдарға жаппай тыйым салмақшы

Ресей Қазақстанға Тайсойған полигонының біраз бөлігін қайтарып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1303668-konhildesimen-qosylyp-tughan-ulyn-tayaq.html