RU

Абзал Нүкенов Дін істері вице-министрі болып тағайындалды

Үкіметтің 2016 жылғы 2 қарашадағы №651 қаулысымен  Абзал Нүкенұлы Қазақстанның Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі тағайындалды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Абзал Нүкенов 1978 жылы 21 шілдеде Алматы облысында дүниеге келген.  1995-2000 жылдары - «саясаттану» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды тәмамдаған.

Саяси ғылымдар кандидаты (2004 ж.) 200-2005 жылдары - «Отан» партиясы Орталық аппаратының идеологиялық бөлімі секторының меңгерушісі, консультант.

2005-2006 жылдары - Алматы қ. әкімдігінің Ішкі саясат департаментінің үкіметтік емес ұйымдар және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің бастығы. 2006 жылғы қыркүйекте Алматы облысы Әуезов ауданы әкімінің  орынбасары болып тағайындалды.

2009-2011 жылдары - Лев Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің Заманауи зерттеу институтының директоры.

2011-2016 жылдары - Қауіпсіздік Кеңесі Ахуалдық орталығы секторының меңгерушісі, меңгеруші орынбасары, меңгерушісі болды. «Ерен еңбегі үшін»   медалімен марапатталған.

Тағы оқыңыздар:

Тойына 212 млн теңгелік көйлек киіп шыққан тәжік ханшайымының ғажайып өмірі

Тұрғын кәмпиттің ішінен шыққан шегеге қақалып, мерт бола жаздады (фото)

Сом темірді бір-ақ қолымен майыстыратын атыраулық жігіт таң қалдырды (фото, видео)

Күйеуіңіз өзгенің құшағында кетпеу үшін не істеу керек?

АҚШ-та сатылымға шыққан "халал ішімдіктер" жұрттың жағасын ұстатты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1304116-abzal-nukenov-din-isteri-vice-ministr.html