RU

Халық Алматы облысында жоғалған шопандарды жер-көктен іздеп таппай жатыр

Алматы облысының Балқаш және Ақсу аудандарында із-түзсіз жоғалып кеткен адамдарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр деп хабарлайды 24.kz.

Оған облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен қоса жергілікті атқарушы органдардан 35 адам жұмылдырылды. Балқаш ауданына қарасты Көктал ауылдық округінде орналасқан «Өтес» шаруа қожалығының шопаны Тұңғышбаев Азат Мұзафарұлы қазан айының 21-і күні Қоскүмбез ауылынан моторлы қайықпен шығып кетіп, үйіне қайтып оралмаған. Ол мінген моторлы қайық та ұшты-күйлі жоқ.

Жоғалып кеткен азаматтың туыстары бауырларын тауып берген адамға 500 мың теңге көлемінде сыйақы тағайындап отыр. Ал Алматы облысының Ақсу ауданында жүргізіліп жатқан іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған екі адамның бірінің мәйіті табылды. Мәйітханаға тапсырылған азаматтың 1961 жылы дүниеге келген Аймұхамед Кәметбаев есімді шопан екені анықталды.

Ал Бақтыбай Ибрагимовтың қайда екені белгісіз. Іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Тойына 212 млн теңгелік көйлек киіп шыққан тәжік ханшайымының ғажайып өмірі

Тұрғын кәмпиттің ішінен шыққан шегеге қақалып, мерт бола жаздады (фото)

Сом темірді бір-ақ қолымен майыстыратын атыраулық жігіт таң қалдырды (фото, видео)

Күйеуіңіз өзгенің құшағында кетпеу үшін не істеу керек?

АҚШ-та сатылымға шыққан "халал ішімдіктер" жұрттың жағасын ұстатты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1304154-qutqarushylar-almaty-oblysynda-zhoghal.html