RU

Қызылордада жол полициясы жүргізушінің телефонын тартып алды

Қызылорда облысында жол сақшысының көлік жүргізушісінің ұялы телефонын тартып алған бейнежазбасы бүгін ғаламторға жарияланып, көпшіліктің ашуын тудырды.

Жазбада азаматтың ГАИ қызметкерінің соңынан жүгіріп, ұялы телефонын беруін талап етіп жатқаны анық байқалады деп хабарлайды 31 арна.

Алайда жол сақшысы тартып алған телефонды беруге асықпайды. Керісінше, "Онда неге түсірдің?" деген сөздері естіледі. Осылайша полицейден қысым көріп жатқан жүргізуші қасындағыларға 102 нөміріне қоңырау шалуды өтінеді.

Ал құқық қорғаушының біреудің жеке мүлкін неліктен тартып алғаны белгісіз. Алайда жол үстіндегі бұл оқиғаға ішкі істер департаменті енді ғана тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр екен. Сондықтан әзірге тәртіп сақшысына қандай да бір жазаның қолданатыны немесе қолданбайтыны туралы айтуға ерте дейді.

Тағы оқыңыздар:

 Балғынбек Имашев аруақтарға зиярат етіп, тұмар тағатындарды сынап тастады

Украинада енді орыс тілінде бірде-бір басылым шықпайтын болды

Ақылбек Жеменей кубалық әншіге "Қызыл өрікті" айтқызып қойды (видео)

Қазақстандықтар асыға күтіп отырған фильмді Назарбаев тамашалады

Шымкентте 44 жастағы әйел бесінші рет сотталып жатыр

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1304181-qyzylordada-zhol-policiyasy-zhurgizushi.html