RU

Қазақстанда бюджетке еш пайдасы жоқ, бірақ қаупі басым банк ашылмақ

Қазақстанда бюджетке еш пайдасы жоқ, бірақ қаупі басым банк ашылмақ. Мәжіліс депутаттары төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімді мақұлдады деп хабарлайды 31 арна.

Бұл құжат толық мақұлдаудан өтетін болса, 90 тонна уран арнайы контейнерлермен Шығыс Қазақстандағы Үлбі зауытына әкелініп қойылады. Атомдық металды 10 жылға дейін сақтауға арналған банк МАГАТЭ ұйымына мүше елдердің дағдарыстық жағдайдағы резерві болмақ.

Құжатты депутаттарға таныстырған энергетика министрі Қанат Бозымбаев кез келген технологиялық жобаның қауіпті екенін жасырмады. Алайда, дәл осы уран банкінде апаттың болуы екіталай деп сендіріп бақты.

Тағы бір айта кетерлігі, атомдық металдарды сақтауға қажетті шығындарды Қазақстан тарапы өз мойнына алатынын былай қойғанда, бұл қызметі үшін көк тиын пайда көрмейді екен.

"Әрине, ол бюджетке ешқандай түсім әкелмейді. Бірақ та Қазақстанның, "Қазатомпромның" және Үлбі металлургия зауытының нарықтағы имиджін осы саладағы жоғары көтеретін болады", - дейді Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Тағы оқыңыздар:

Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңгені жымқырды деген айыппен ұсталды

Павлодарда баласын сабап тастаған қатыгез келіншек қызын көруге келген жоқ

Сом темірді қолымен майыстыратын атыраулық жігіт таң қалдырды (фото, видео)

Қызылордада жол полициясы жүргізушінің телефонын тартып алды

Алматыда намаз оқымағаны үшін әйелін пышақтап өлтірген жігіт қамалды

Шымкентте пәтерлердің бағасы бірнеше миллионға арзандап кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1304374-qazaqstanda-byudzhetke-esh-paydasy-zhoq-b.html