RU

Сарапшы: Ресейді бұрын-соңды болмаған дағдарыс күтіп тұр

Ресей алда болатын 10-15 жылдық дағдарысқа даяр болуы керек. Бұл туралы "Открытие" брокерлік үйі бас директорының макроэкономика жөніндегі кеңесшісі Сергей Хестанов "Лента.ру" сайтына берген сұқбатында мәлімдеген, деп хабарлайды BAQ.kz.

"Экономика құрылымының тым баяу ауысуын есепке алсақ, мұндай жағдай шынымен де болуы мүмкін. Қарапайым азаматтар үшін бұл бағалардың өсуін, айлықтардың төмен деңгейде қалуын және айтарлықтай жұмыссыздықты білдіреді. Бұл біршама қиын кезең болмақ", - дейді сарапшы.

Оның пайымдауынша теориялық қарқын бәсеңдемегенімен "қос таңбалы өсім" жайында ұмытса да болады.

"Қаржы министрлігі мен Орталық банкі инфляцияны 6-8 пайыз деңгейінде ұстап қала алады, дегенмен, бұл да аз мөлшер емес. Өйткені бағаның өсуі жинақтық сипатында болмайды, яғни, жылына алты пайыз төрт жылда 24 пайыз емес, одан әлдеқайда жоғары болады", - дейді Сергей Хестанов.

Ресейдің ауыл шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 20 қазандағы елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалының бақылауы 2016 жылдың үшінші тоқсанында ресейліктердің табысы былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6,1 пайызға төмендегенін көрсетті.

Мұндай жағдай 1999 жылдан бері тіркелмеген.

Тағы оқыңыздар:

Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңгені жымқырды деген айыппен ұсталды

Павлодарда баласын сабап тастаған қатыгез келіншек қызын көруге келген жоқ

Сом темірді қолымен майыстыратын атыраулық жігіт таң қалдырды (фото, видео)

Қызылордада жол полициясы жүргізушінің телефонын тартып алды

Алматыда намаз оқымағаны үшін әйелін пышақтап өлтірген жігіт қамалды

Шымкентте пәтерлердің бағасы бірнеше миллионға арзандап кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1304431-sarapshy-reseydi-buryn-sonhdy-bolmaghan.html