RU

Иранның жемқор экс-прокурорын ел алдына шығарып 135 рет дүре соғатын болды

Иранның бұрынғы бас прокуроры Саид Мортазавиге коррупция айыбы бойынша 135 дүре соғу жазасы кесілді деп хабарлайды Азаттық.

Мортазави 2009 жылғы президент сайлауынан соң оппозицияшыл "Жасылдар қозғалысының" белсенділерін сотпен қудалау ісінде негізгі рөл атқарған еді. 2 қарашада сот оны Ирандағы әлеуметтік бағдарламаларға басшылық еткен кезде "мемлекет қаржысын иемденіп, талан-таражға алды" деп айыптады.

49 жастағы Саид Мортазави сот үкіміне апелляциялық шағым беруі мүмкін. Ол бұрынғы президент Махмуд Ахмединежадтың серігі болған. Оның үкімі 2003-2009 жылдары сот жүйесін басқарған және реформаны жақтаушылар мен оппозициялық БАҚ-қа қарсы науқанға жетекшілік еткен адамның биліктен аласталуының шырқау шыңы болды.

2010 жылы парламент Мортазавиді үкіметке қарсы демонстрацияға қатысқан үш адамның өліміне кінәлі деп тапқан. Төрт жыл бұрын ол адвокаттық қызмет жасау құқығынан айырылған.

Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы 2010 жылы Мортазавиді "адам құқығын үнемі бұзушы" деп атаған. АҚШ оған бас прокурор қызметін атқарған кезде "адам құқығын өрескел түрде және тоқтаусыз бұзғанына" байланысты санкция салған.

Оның 2003 жылы Иран әрі Канада азаматы, фототілші Захра Каземидің Иранда тергеу кезінде қамауда отырғанда қаза табуына қатысы бар делінеді.

Тағы оқыңыздар:

Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңгені жымқырды деген айыппен ұсталды

Мұрат Қожаның хор қызындай сұлу екінші жары кім?

Бұрын жеті жылға сотталған экс-министр бүгінде талай адамға өмір сыйлауда

Бір күнде 18 еркекке қызмет көрсеткен қазақ қызы секс-құлдықта болған азапты күндерін баяндады

Қазақстанда бюджетке еш пайдасы жоқ, бірақ қаупі басым банк ашылмақ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1304493-irannynh-zhemqor-eks-prokuroryn-eldin.html