RU

Мемлекеттің миллиондарын жымқырды деп айыпталып жатқан Жаманқұлов қандай тұлға?

Танымал актер Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңгені жымқырды деген айыппен ұсталды. Осы ретте «Қамшы» порталы Тұңғышбай Жаманқұловтың қазақ өнеріне сіңірген еңбек жолына зер салды.

Жаманқұлов Тұңғышбай Қадырұлы Әл-Тарази 1948 жылы 2 қазанда Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Алматы өнер институтының (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) актерлік факультетін бітірген. Актерлік өнер жолын студенттік кезінде Қазақ драма театрында бастады. 1993-2001 жылдары осы театрдың директоры әрі көркемдік кеңестің төрағасы болды. Жаманқұлов Қазақ драма театры сахнасында бағын сынап, дарынды актер екендігін танытты.

Жаманқұлов Тұңғышбай Қадырұлы Әл-Тарази деген текпен де танымал актер, режиссер, Қазақстанның халық әртісі. (1992; 1982 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі), профессор (1979). КСРО Кинематографистер одағының мүшесі (1983).  Қазақ драма театры сахнасында Бейсенбай (Қ.Мұқашев "Дала дастаны"), Арыстан (Қ.Мұхамеджанов "Бөлтірік бөрік астында"), Бақтығұл (Қ.Ысқақов "Таңғы жаңғырық"), Мырзахмет (Т.Ахтанов "Жоғалған дос"), Демесін (Д.Исабеков "Кішкентай ауыл"), Көтібар, Сырым (М.Әуезов "Айман — Шолпан" мен "Қарагөз"), Жалмұхан (Ғ.Мүсірепов "Ақан сері — Ақтоқты"), Абылай хан (Ә.Кекілбаев "Абылай хан", М.Байсеркенов "Абылайдың ақырғы күндері"), Әбутәліп (Ш.Айтматов "Ғасырдан да ұзақ күн"), т.б. рөлдерді сомдады.

Бұл рөлдерде Жаманқұлов ұлттық және әлемдік театр мектептерінің дәстүрін терең меңгерген, диапазоны кең актер екенін танытты.  Жаманқұлов еліміздің кино өнерінің дамуына да елеулі үлес қосып, Чекист ("Отқа оранған Орал"), Тәңірберген ("Қан мен тер"), Әбілқайыр ("Жаушы"), Оразмерген ("Ақырғы аманат"), Болат ("Тарғыл қауын"), Әзімхан ("Қаралы сұлу"), Қайырхан ("Отырардың күйреуі"), Құнанбай ("Жас Абай") бейнелерін өзіне тән ерекше шеберлікпен сомдап шықты.

"Отырардың күйреуі" фильміндегі Қайырхан рөлі үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды (1992). Әл-Тарази режиссер ретінде К. Гоццидің "Турандот ханшайым", М. Ғапаровтың "Тұзды шөл", Қ. Шахимарданның "Томирис" пьесаларын сахнаға шығарып, бүгінгі заманғы отандық театр өнерінің деңгейін көтеруге үлес қосты.

Жаманқұлов - концерттік ұжым "Тамашаны" алғашқы ұйымдастырушылардың бірі. Ол 1974 жылдан педагогикалық қызметпен шұғылданып, Қазақ драма театры жанындағы студияда, Алматы мемлекеттік университетінде дәріс оқыды. 1979 жылдан Қазақ ұлттық өнер академиясында актерлік шеберлік бойынша сабақ беріп, жеке курс жүргізеді.

Тұңғышбай Жаманқұлов «Қан мен тер», «Адасқандар», «Көшпенділер» секілді белгілі ірі кинокартиналарды ойнаған. Бұдан басқа ол қазақ кино тарихындағы көптеген фильмдерге де түскен.

Тағы оқыңыздар:

Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңгені жымқырды деген айыппен ұсталды

Мұрат Қожаның хор қызындай сұлу екінші жары кім?

Бұрын жеті жылға сотталған экс-министр бүгінде талай адамға өмір сыйлауда

Бір күнде 18 еркекке қызмет көрсеткен қазақ қызы секс-құлдықта болған азапты күндерін баяндады

Қазақстанда бюджетке еш пайдасы жоқ, бірақ қаупі басым банк ашылмақ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1304519-memlekettinh-milliondaryn-zhymqyrdy-d.html