RU

Қорқор тартқан балақай көпшіліктің ашуына тиді (видео)

Әлеуметтік желіде желі қолданушыларының ашуына тиген видео пайда болды. Кадрдан кішкене балақайдың қорқор тартып отырғанын көруге болады. Оған қорқорды ұсынып отырған ересектер жұрттың ашуына тиді деп хабарлайды NUR.KZ.

Аталған видео "Есьже, я приезжий!" парақшасында жарияланған.

Желі қолданушылары ересектердің бұл әрекетіне ашуланып кетті. Олар кішкентай балаға қорқор тартқызып, өздері қарап отырған жігіттерді "жауапсыз" деп атап, баланың денсаулығына алаңдады.

"Мыналар кішкентай балаға не үйретіп жатыр, ұят жоқ", "Ертең соны істейді ғой, көргенін, ұялсандар етті?", "Ата-аналар, мұндай әрекеттер үшін жазаға тартылатындарыңызды әлі де түсінбедіңіздер ме? Балаларға бұлай қарағандарыңыз үшін ата-ана құқығынан айыруы да мүмкін. Егер балаңыз сізге қымбат болмаса, онда балалары жоқ отбасыларға оларды бере салмайсыздар ма? Менің ойымша оларды толық жазаға тарту керек, басқаларға сабақ болсын!", - деді желі қолданушылары.

Желі қолданушылары қорқордың денсаулыққа зияны шылымнан да көп екенін атап айтты.

Дегенмен, мұның бәрін қалжың ретінде көріп, жай ғана әзілдеген деп баға бергендер де табылды.

Тағы оқыңыздар:

Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңгені жымқырды деген айыппен ұсталды

Мұрат Қожаның хор қызындай сұлу екінші жары кім?

Бұрын жеті жылға сотталған экс-министр бүгінде талай адамға өмір сыйлауда

Бір күнде 18 еркекке қызмет көрсеткен қазақ қызы секс-құлдықта болған азапты күндерін баяндады

Қазақстанда бюджетке еш пайдасы жоқ, бірақ қаупі басым банк ашылмақ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1304548-qorqor-tartqan-balaqay-kopshiliktinh.html