RU

Мамандар Лениннің өлі денесіне татуаж жасап тастады (видео)

Лениннің бетін қалпына келтіру процесін жеңілдету үшін татуаж жасады деп хабарлайды reactor.inform.kz.

92 жыл бұрын қайтыс болған Владимир Ленин Қызыл алаңдағы мазарда жерленген. Оның мәйітін 12 маман қарайды. Олардың арасында визажист те бар.

Лениннің денесін аптасына екі мәрте тексереді дейді бұрынғы гример. Бетін арнайы ерітіндімен сүртіп, жарты жылда бір рет медициналық грим жасайды екен. Бұл процедураға алты сағат уақыт кетеді.

«Мен арнайы косметиканың көмегімен Владимир Лениннің бетін толықтай қалпына келтірдім. Адамның терісінің түсіндей медициналық крем жағылады. Қасын, көзі мен ернін бояу үшін арнайы қарындаш қолданылады», - дейді гример.

Енді саясаткердің бетін қалпына келтіру процесін жеңілдету үшін татуаж жасалыпты.

Тағы оқыңыздар:

Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңгені жымқырды деген айыппен ұсталды

Мұрат Қожаның хор қызындай сұлу екінші жары кім?

Бұрын жеті жылға сотталған экс-министр бүгінде талай адамға өмір сыйлауда

Бір күнде 18 еркекке қызмет көрсеткен қазақ қызы секс-құлдықта болған азапты күндерін баяндады

Қазақстанда бюджетке еш пайдасы жоқ, бірақ қаупі басым банк ашылмақ

Иранның жемқор экс-прокурорын ел алдына шығарып 135 рет дүре соғатын болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1304560-mamandar-92-zhyl-buryn-qaytys-bolghan-leni.html