RU

Миллиондап жалақы алатын футболшылардың айлық табысына не алуға болады? (фото)

Таяуда «Ақтөбе» футбол клубының басшылығы жеке сайтында ойыншыларының айлық жалақысын жариялаған еді, деп хабардайды NUR.KZ.

Жария етілген мәліметтерге сәйкес, кейбір футболшылар айына миллиондап жалақы алады. Ал Алексей Щеткин деген шабуылшының жалақысы - бақандай 9 миллион теңге! Оқырмандар назарына Қазақстанда осы ақшаға не сатып алуға болатынын қарастырып көрейік.

Бір ғасырдан астам уақыт метромен жүру

9 миллион теңгеге алматылық метрода 56 мың 250 күн (154 жыл) жүріп-тұруға болады. Яғни, осы мерзім ішінде күн сайын жұмысқа барып қайту мүмкіндігін береді.

Астанадан пәтер алу

Осы сомаға Астанадағы жаңа тұрғын үй кешенінен бір бөлмелі пәтер сатып алуға болады. Тіпті одан ұсақ-түйек дүниеге жететін жүз мыңдаған теңге артылады.

Жол талғамайтын көлік

Қазіргі заманға лайық, әдемі көлік сатып алуға болады. Мысалы, 2016 жылы шыққан Mitsubishi Outlander 9 миллион теңге тұрады.

Зейнетақы

348 қазақстандық зейнеткерді бір айлық зейнетақысымен қамтамасыз етуге болады.

Мұғалімдерге көмек

Бұл 174 мұғалімнің орташа жалақысы!

Халық қалаулыларын жалақымен қамтамасыз ету

18 депутаттың жалақысының қосындысы осы сомаға тең

Жүздеген элиталық шампан бөтелкесі

109 Dom Perignon Brut Vintage 2006 шампан бөтелкесіне тапсырыс беріп, тойлатуға болады.

Донерді ұнататын адамдарға мереке ұйымдастыру

18 мың донер! Елестетіп көріңіз! 18 мың дәмді донер сатып алуға болады!

Мыңдаған келі ет сатып алу

Бұл сомаға 8 181 келі сиыр етін сатып алуға мүмкіндік бар.

Сүйіктіңізге мыңдаған раушан гүлдерін сыйлау

15 789 голландтық раушан гүлін үйіне әкеліп, ғашығыңыздың жүрегін бірден жаулап аласыз.

Тағы оқыңыздар:

Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңгені жымқырды деген айыппен ұсталды

Мұрат Қожаның хор қызындай сұлу екінші жары кім?

Бұрын жеті жылға сотталған экс-министр бүгінде талай адамға өмір сыйлауда

Бір күнде 18 еркекке қызмет көрсеткен қазақ қызы секс-құлдықта болған азапты күндерін баяндады

Қазақстанда бюджетке еш пайдасы жоқ, бірақ қаупі басым банк ашылмақ

Иранның жемқор экс-прокурорын ел алдына шығарып 135 рет дүре соғатын болды

Мамандар Лениннің өлі денесіне татуаж жасап тастады (видео)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1304575-milliondap-zhalaqy-alatyn-qazaqstand.html