RU

Қазақстандық инженер Forbes-тегі бай-бағландардың қатарына енді

Силикон алқабында джинсы сатқан қазақстандық инженер Назим Палташев Forbes рейтингіне енді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлемдегі ең бай адамдар бүгінде жаңа брендтің өнімдеріне таңдау түсіріп жатыр.

Назим Палташев Қазақстанда туып-өскен, біраз уақыт Санкт-Петерборда тұрған және әкесінің жұмысына байланысты Америкаға көшіп кеткен. Палташевтың негізгі мамандығы - инженер, бірақ ол өзін сән индустриясынан тапты.

«Өз бизнесімді құрғым келген сән саласында да инженер мамандығым көмегін тигізіп жатыр. Мен тек қана джинсымен айналысуды шештім, себебі бұл - Кремний алқабындағы ең танымал киім. Менің бүкіл өмірім көшіп-қонумен өтті, отбасым халқымыздың тілі мен мәдениетін және отанға деген махаббатты сақтап қалғысы келді. Мен Қазақстандағы жылжымайтын мүлкімді сатып, өз қаражатыма бизнес аштым», - деді инженер.

Палташевтың айтуынша, қазір штатта 10 адам жұмыс істейді, олардың арасында дизайнерлер, технологтар, істі ілгері жылжытумен айналысатын директорлар бар. Команда кішігірім болғанымен, өте тәжірибелі. Сондай-ақ, брендті дамытуға қосалқы мердігерлер де өз үлесін қосуда.

Әрбір қызметкер штатқа қабылданарда компанияның бір үлесін алады, сонымен бірге оларға ай сайын жалақы төленіп отырады, тіпті арнайы ынталандыру бағдарламасы да бар.

Тағы оқыңыздар:

Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңгені жымқырды деген айыппен ұсталды

Мұрат Қожаның хор қызындай сұлу екінші жары кім?

Бұрын жеті жылға сотталған экс-министр бүгінде талай адамға өмір сыйлауда

Бір күнде 18 еркекке қызмет көрсеткен қазақ қызы секс-құлдықта болған азапты күндерін баяндады

Қазақстанда бюджетке еш пайдасы жоқ, бірақ қаупі басым банк ашылмақ

Иранның жемқор экс-прокурорын ел алдына шығарып 135 рет дүре соғатын болды

Мамандар Лениннің өлі денесіне татуаж жасап тастады (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1304639-qazaqstandyq-inzhener-forbes-tegi-bay-baghla.html