RU

Жаманқұловтың жұбайы жолдасының ақша жымқырғанына сенбей отыр

Танымал актер, продюсер Тұңғышбай Жаманқұловтың жұбайы - Дария Әбдумәлікқызы жолдасының қаражат жымқыруы мүмкін дегенге сенбейді. Оның айтуынша, Жаманқұлов осы фактіге қатысты куәгер ретінде шақырылған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Маған ештеңе айтпай тұрыңызшы деді. Маған айтуға болмайды деп жатыр. Мен өзім кеше естідім. Тұңғышбайды алдымен куәгер ретінде шақырған болатын. Дерек-дәйек аламыз деді. Содан кейін алып қалды. Ары қарай не болғанын өзім де білмеймін. Мен қазір шынымен ештеңе айта алмаймын, ол басында тек куәгер ретінде шақырылған. Басқа жаңалық болса өзім де xабарламасын ғой», - деді Дария Әбдумәлікқызы ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы.

Оның айтуынша, қазіргі кезде Тұңғышбай Жаманқұловтың телефондары қосулы тұр. Алайда оның барлығын құқық қорғау органдары тәркілеп алған.

"Маған бірдеңе айтсаң, іс насырға шабуы мүмкін деді. Сәл күте тұрайықшы. Мені тыңдап жатыр. Дәл қазір ештеңе айта алмаймын", - дейді ол.

Еске сала кетейік, қарашаның 2-сі күні бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталды. Сондай-ақ сот санкциясымен «Қазақфильм» АҚ-ның экономика және қаржы басқарушы директоры Г. Ысқақова мен атқарушы продюсер Н. Юдина тұтқындалды.

Тағы оқыңыздар:

Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңгені жымқырды деген айыппен ұсталды

Бұрын жеті жылға сотталған экс-министр бүгінде талай адамға өмір сыйлауда

Бір күнде 18 еркекке қызмет көрсеткен қазақ қызы секс-құлдықта болған азапты күндерін баяндады

Қазақстандық инженер Forbes-тегі бай-бағландардың қатарына енді

Миллиондап жалақы алатын футболшылардың айлық табысына не алуға болады? (фото)

Иранның жемқор экс-прокурорын ел алдына шығарып 135 рет дүре соғатын болды

Мамандар Лениннің өлі денесіне татуаж жасап тастады (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1304768-zhamanqulovtynh-zhubayy-zholdasynynh-qar.html