RU

ОҚО тұрғыны жеңгесінің халал тойда мас болып қалғанына қатты таң қалды

Бойжеткен Оңтүстіктің халал тойына барып жеңгесінің қалай мас болып қайтқанын Замана басылымына айтып берді.

Оның айтуынша, құдаларға той дастарханына ішімдік қойылмайтыны алдын-ала айтылған.

"Бәрі ішпей-ақ жас жұбайларға ақ тілектерін арнап, құдалар бір-бірімен арқа-жарқа әңгімелесіп, өте жақсы өтіп жатқан. Бір кезде жаныма жеңешем келіп: «Қыз-ау, осылай құрдан-құр отыра береміз бе?» – деп сыбырлайды. Алғашында оның нені меңзеп тұрғанын түсінбей қалдым. «Тойдан сап-сау боп қайту ұят емес пе?», «Мұндай болатынын білгенде келмес едім, не мынау», дегеніне мен үндемей құтылуды жөн көрдім", - деген автор құдалардың бірін көріп қалған жеңгесі «өкпе-ренішін» жайып салғанын айтады.

«Айыптымыз, құдағи. Қазір ұйымдастырып жібереміз», – деген құда жүгіріп кетті. Сәлден соң жеңгемнің алдына арнайы ақ шәйнек келді. Оның ішіндегі «шайды» құданың өзі құйып, бір-екі кесесін ішкеннен кейін ғана жеңгемнің шекесінің тырысқаны жазылып, реңі кірді. Одан кейін оның алдына қанша шәйнек келгенін байқамаппыз. Тойханадан шыққанда жеңгем удай мас, аяғынан тұра алмады", - дейді бойжеткен.

Автордың жазуынша, туыстары бастапқыда жеңгесінің халал тойдан қалай мас болып шыққанына түсінбей дал болған.

Кейін халал той өткізіп жатқан құдалар жағы шәйнекпен ішімдік әкеп бергенін естіген олар: «халал тойды арамдайтындар шығатынына» налыған.

Тағы оқыңыздар:

Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңгені жымқырды деген айыппен ұсталды

Бұрын жеті жылға сотталған экс-министр бүгінде талай адамға өмір сыйлауда

Бір күнде 18 еркекке қызмет көрсеткен қазақ қызы секс-құлдықта болған азапты күндерін баяндады

Қазақстандық инженер Forbes-тегі бай-бағландардың қатарына енді

Миллиондап жалақы алатын футболшылардың айлық табысына не алуға болады? (фото)

Иранның жемқор экс-прокурорын ел алдына шығарып 135 рет дүре соғатын болды

Мамандар Лениннің өлі денесіне татуаж жасап тастады (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1304824-khalal-toydan-mas-bolyp-shyqqan-qonaqty.html