RU

Қазақ журналисі "Алматы аренаның" Нью-Йорктағы кешеннен де асып түсетінін айтты

Белгілі блогер әрі журналист Берік Сұлтан "Almaty arena" Нью-Йорктағы "Madison square garden" спорт кешінінен кем емес екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында айтты.

Ол Алматы аренаның мықтылығына Қанат Исламның жекпе-жегінен кейін көз жеткізгенін айтқан.

"Мақтанып айтамын, біздің Алматыдағы "Almaty arena" Нью-Йорктағы "Madison square garden" спорт кешінінен кем емес. Оған көзім анық жетті. АҚШ-тағы Генаның жекпе-жегін көрдік, Алматыдағы Қанат Исламның жекпе-жегін өткіздік.

Салыстыруға толық негіз бар. Атап өтейін. Біздің "Almaty arena" еліміз үшін үлкен олжа болды. Бұрын бізде мұндай спорт кешені болған емес. Заманауи құралдармен жабдықталған. Дыбыс пен жарықтың қанадай деңгейде екенін көрдіңіздер. Кез-келген іс-шараны әлемдік деңгейде өткізуге болады мұнда. Өте керемет салынған бірегей құрылыс нысаны десек те болады. Қанат Исламның жекпе-жегін көруге "Almaty arena"-ға 15 мыңнан астам адам келді", - деген ол жаңа ғимаратта шығатын есіктердің көптігіне тоқталды.

"Аренаның кіретін де шығатын да есіктері көп. Бірін-бірі соғып, қағып, қысылып тұрған адам көрмедік. Дәліздерде де кептеліс жоқ. Кіруін кірді ғой, енді 15 мың адамның шығуы үшін кемінде 1 сағат уақыт керек шығар деп ойладық. Жоқ, қателесіппіз.

15-20 минуттың ішінде 15 мың адам еш қиындықсыз шықты да кетті. Аренаның орындықтары мамық, әжетханалар жеткілікті. Киім шешетін орындары көп. VIP қонақтар үшін 8-10 адамдық 12 скайбокс бар. Қалаған тамағыңа тапсырыс бере аласың", - дейді журналист.

Сонымен бірге, жекпе-жекке АҚШ-тан келген мамандар мұндай жоғары шоуды күтпегенін айтқан.

"Продюсер, коментаторлар мен ринг анонсерлер кәсіпқой бокс кешіне риза болып кетті. Мұндай жоғары деңгейдегі шоуды күтпедік деп айтты", - дейді риза болған ол.

Түсінген адам үшін мұндай спорт кешені біз үшін үлкен бақыт. Жарқыраған шоу жобаларды бұрын тек телеарнадан тамашалап, "күшті, иә?!" - деп қана айтып қоюшы едік. Енді ондай шоуларды өзіміздің Алматыда да жасай аламыз. Жасап та көрдік. Болашақта да жасаймыз! Жеңісті күндер көп болсын!", - деді Берік Сұлтан.

Тағы оқыңыздар:

Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңгені жымқырды деген айыппен ұсталды

Бұрын жеті жылға сотталған экс-министр бүгінде талай адамға өмір сыйлауда

Бір күнде 18 еркекке қызмет көрсеткен қазақ қызы секс-құлдықта болған азапты күндерін баяндады

Қазақстандық инженер Forbes-тегі бай-бағландардың қатарына енді

Миллиондап жалақы алатын футболшылардың айлық табысына не алуға болады? (фото)

Иранның жемқор экс-прокурорын ел алдына шығарып 135 рет дүре соғатын болды

Мамандар Лениннің өлі денесіне татуаж жасап тастады (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1304896-qazaq-zhurnalisi-almaty-arenany-nyu-yo.html