RU

"Бала дауысы" фестиваліне қатысушылар "Жұлдызды үйде" қалай тұрып жатыр?

13 қараша күні еліміздегі жас таланттардың  ең ірі музыкалық жобасы - "Бала дауысы" фестивалі мәресіне жетеді. Аталған байқау отандық жас орындаушылар арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

"Бала дауысы" байқауының финалдық бәсекесіне  еліміздің 14 облысы мен 2 қаласынан жалпы есебі 23 бала жолдама алды. Аталған жас әншілер байқауға 1 ай бойы "Жұлдыздар үйінде" дайындалып, бір-бірімен тату дос болып та үлгерді.

Жақында тілшілерге жас әншілермен тілдесудің сәті түсті.

"Бала дауысы" байқауында Шымкент қаласының намысын қорғайтын үш баладан құралған трио қорғайды. Трио мүшесі Диас Шорабектің айтуынша, "Жұлдызды үйде" бәрі керемет өтуде. Олар Шымкенттегі іріктеу кезеңінде Маржан Арапбаеваның бірден үш баланы таңдап алғанына әсте ренжімеді.

"Бұрын үшеуіміз бірге мүлде ән айтып көрмегенбіз. Үшеуміз де бір мектепте, тек бөлек сыныптарда оқимыз. Енді "Бала дауысының" финалында облыстың намысын қолдан бермейміз деп отырмыз", - дейді топ мүшесі Мағжан Абдухамит.

Ал петровпалдық Есения Епифансова "Бала дауысының" ақты сынында танымал әнші Айқынмен бірге дуэт орындайды. Ол басқа емес, "Нұрлан мен Мұрат" тобының хит әндерінің бірі - "Шашы ұзын қызды" шырқамақшы екен.

"Қазақ тілінде ән айту сәл қиын соғып тұр. Әйтсе де, менің қолымнан келеді", - дейді Есения.

Павлодарлық Мария Затварицкая "Бала дауысы" жобасында басқа емес, эстрада мен академиялық вокалды қатар алып жүрген Толқын Забировамен бірге ән салатыны үшін қуанышты.

"Толқын Забирова өте әділ адам. Сені өтірік мақтамайды, барды бар, жоқты жоқ деп айтады. Бір қызығы, мен де Толқын апай секілді эстарада мен академиялық вокалды қатар алып жүремін", - дейді Мария.

Еске сала кетейік, "Бала дауысы" фестивалінің гала-концерті 13 қараша күні Республика сарайында өтеді.

Тағы оқыңыздар:

Арыстанбек Мұхамедиұлы Жаманқұлов үшін кепілақы төлеуге дайын

Жаманқұловтың жұбайы жолдасының ақша жымқырғанына сенбей отыр

ОҚО тұрғыны жеңгесінің халал тойда мас болып қалғанына қатты таң қалды

Атырауда параға бір бөтелке виски алған бас дәрігер қызметінен қуылды

Қазақстанда астық рекордтық мөлшерде жиналса да, нан арзандамайды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1304933-bala-dauysy-festivaline-qatysushylar.html