RU

Самат Смақов 6 млн жалақы алатынын жария еткен басшылармен соттаспақшы

«Ақтөбе» клубының бұрынғы капитаны БАҚ пен бірқатар сайттарда жарияланып кеткен өзінің жалақысына байланысты пікірін білдірді деп жазады Айқын газеті.

Онда Самат Смақовтың осы клубтың шабуылшысы, 9 миллион теңге алатын Алексей Щеткиннен кейін екінші орында тұрғаны айтылған. Ал Смақовтың айлығы 6 миллион теңге шамасында.

Аталған жайтқа түсініктеме берген Самат Смақов клубтың бас директоры Дмитрий Ввасильевке реніші барын да жасырмады.

"Неге бұл тізімде оның фамилиясы көрсетілмеген? Өйткені ол - Васильев қой. Ал егер маған келетін болсақ, ешуақытта да жалақымның жоғары екенін жасырған жоқпын. БАҚ-қа мұндай ақпарат таратуға да қарсымын. Клубтың бізбен жасалған келісімінде коммерциялық ақпаратты жария етпеу туралы арнайы бап бар. Демек, клуб басшылығы бұл бапты бір жақты бұзып отыр. Егер жігіттер жиналып, сотқа беруге даяр болса, мен оларды қолдаймын", - деді ол.

Тағы оқыңыздар:

Арыстанбек Мұхамедиұлы Жаманқұлов үшін кепілақы төлеуге дайын

Жаманқұловтың жұбайы жолдасының ақша жымқырғанына сенбей отыр

ОҚО тұрғыны жеңгесінің халал тойда мас болып қалғанына қатты таң қалды

Атырауда параға бір бөтелке виски алған бас дәрігер қызметінен қуылды

Қазақстанда астық рекордтық мөлшерде жиналса да, нан арзандамайды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1305044-samat-smaqov-6-mln-zhalaqy-alatynyn-zhari.html