RU

Астанада контрабандамен айналысып келген кеден қызметкерлері тұтқындалды

Астанада Кедендік бақылау комитетінің бөлімдерін басқарған экс-шенеуніктер жалпы сомасы 2,6 млрд теңге болатын экономикалық контрабандамен айналысқан деп хабарлайды sn.kz.

Бұрынғы шенді қызметкерлердің қолға түскендігі туралы Бас прокуратурада өткен брифингте айтылды.

"Бас прокуратура бұрынғы Кедендік бақылау комитетінің шенді екі қызметкерін ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, экономикалық контрабандамен айналысты деп айыптауда. Олар 2014 жылдың маусым-желтоқсан айлары аралығында халықтың күнделікті тұтынатн тауарларын Қытайдан Қазақстан арқылы Ресейге заңсыз жолмен өткізіп отырған. Контрабанданың жалпы сомасы 2,6 млрд теңгені құрайды", - делінген Бас прокуратураның таратқан мәлімдемесінде.

Құзырлы органның ақпаратына сенсек, күдіктілер контрабандалық тауарларды Шығыс Қазақстан облысындағы "Бақты" кеден бекетінен өткізіп отырған.

"31 қазан күні үш күдікті ұсталып, Астана қалалық ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына жабылды. Олардың екеуі Қаржы министрлігіне қараған бұрынғы Кедендік бақылау комитетінің бөлімдерін басқарған. Бірі жеке компанияның қызметкері. Өзге ақпарат тергеудің құпиялығына қатысты айтылмайды", - деп атап өтті Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыздар:

Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңгені жымқырды деген айыппен ұсталды

Бұрын жеті жылға сотталған экс-министр бүгінде талай адамға өмір сыйлауда

Бір күнде 18 еркекке қызмет көрсеткен қазақ қызы секс-құлдықта болған азапты күндерін баяндады

Қазақстандық инженер Forbes-тегі бай-бағландардың қатарына енді

Миллиондап жалақы алатын футболшылардың айлық табысына не алуға болады? (фото)

Қазақ журналисі "Алматы аренаның" Нью-Йорктағы кешеннен де асып түсетінін айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1305194-astanada-kontrabandamen-aynalysyp-k.html