RU

Түймебаев Шымкент әкімінің жұмысына төмен баға беріп, шенділерді әбден сөкті

«Қалада сәулет және қала құрылысы заңнамаларын бұзу фактілері орын алуда. Оған кім жауапты? Тұрыңыздар!». ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттің мәселелері талқыланған жиында қала әкімдігіне сұрақты осылай төтесінен қойды деп жазады rgmedia.kz.

«Мұны қалай түсінуге болады? Бұл қалай сонда?». Түймебаев осы сауалды бірнеше шенеунікке қойып, ешбірінің жауабына қанағаттанбады.

Мәжілістің күн тәртібінде қаланың бас жоспарының орындалуы, жол инфрақұрылымы, қаланың көріктендіру мәлелелері талқыланды. Шымкент қаласы бас жоспарының іске асырылуы жайын баяндаған шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов 2025 жылға қарай шымкенттіктердің саны 1 миллион 200 мыңға жететінін жеткізді.

Ал мегаполис атану үшін облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қатары 52 пайыздан асу керек екен. Яғни, Әбдірахымов Лас-Вегасқа айналдыруды көздеген Шымкентке мегаполистің ауылы алыстау болып тұр. Өйткені мұндағы көпқабатты үйлердің көрсеткіші 30 пайыздан аспайды.

 

«Талаптарға сай ағаштарды отырғызу үшін 602 миллион теңге керек. 2,5 метрлік қырым қарағайының біреуінің бағасы 60 мың теңге. Сіздің тапсырмаңыз бойынша орталық көшелерге оның 8330-ын егетін болсақ, 499 миллион теңге қажет. Көгалдандыруға су құбырлары тартылмаған көшелер анықталды, оған қосымша 260 милииондай теңге керек», - деді Бейсенбек Жанбосынов.

Бұл керектерді облыс басшысы бірден сынға алды: «Бүкіл баяндамаңыз мына жерге мынанша ақша керек, ана жерге мұнша ақша керек. Егер сол ақша бөлінсе бәрі керемет болып кететіндей. Сіз бүрісіп тұрған ағаштарды көрдіңіз бе? Ташкентке қараңыз, көшелері тап-таза, ағаштары жайқалып тұр. Ал бізде түнеріп тұр. Бейсенбек Керімбекұлы, жарамайды. Өйту керек, бүйту керек... Сіз жасамасаңыз кім жасайды? Ал біз бір-бірімізге сілтеп отыра береміз»

Шымкент қаласының оңтүстік-батысындағы айналма жолмен 24 сағат бойы көліктер үздіксіз қатынайды. Осы жолдың Бадам өзеніндегі көпірі бүгінде қауіпті жағдайда.

«Біріншіден тағы да бақылауды күшейтіңіз. Екіншіден, сіз істейміз деп жүргенде көпірде апатты жағңдай орын алса не істейміз? Егер құзырыңыз шектеулі болса, бұл іспен басқа адам айналыссын. Ойланыңыз, қала әкімі. Маған ұсыныс беріңіз», - деді Түймебаев Әбдірахымовқа.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі былай деді:

«Әр ауданның басшылары күнде бір рет өздері басқаратын ауданды аралып тұрсын. Галстукпен емес, галстуксіз... Қанағаттанарлықсыз. Жұмысты түзеңіздер, заң аясында шара қолданыңыздар. Нәтижесін баяндаңыздар. Біз айтамыз адам көркі шүберек деп. Сіздер де шашылып жатқан қоқыс сияқты киініп келсеңіздер не болады? Ойлаңыздаршы... Бәріміз тазамыз. Ал жүрген жеріміз қоқыс, жолдар бұзық, ағаштарымыз қисық, қураған. Мүмкін, сіздер – басшылар көлікпен жүріп көрмейтін шығарсыздар. Онда жаяу жүріңіздер».

Тағы оқыңыздар:

Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңгені жымқырды деген айыппен ұсталды

Бұрын жеті жылға сотталған экс-министр бүгінде талай адамға өмір сыйлауда

Бір күнде 18 еркекке қызмет көрсеткен қазақ қызы секс-құлдықта болған азапты күндерін баяндады

Қазақстандық инженер Forbes-тегі бай-бағландардың қатарына енді

Миллиондап жалақы алатын футболшылардың айлық табысына не алуға болады? (фото)

Қазақ журналисі "Алматы аренаның" Нью-Йорктағы кешеннен де асып түсетінін айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1305229-tuymebaev-shymkent-akimininh-zhumysyna.html