RU

Шымкентте ұлы бір айдан бері табылмай жатқан ата-ана жанұшырып жүр (фото)

Шымкент қаласының тұрғыны, 1988 жылы 10 қаңтарда туған Талғат Әлібекұлы Үсеновті туыстары бір айдан бері іздеп таба алмай жүр деп хабарлайды Qamshy.kz.

Туыстарының айтуынша Шымкенттегі №2 музыка мектебінде оқытушы болып істейтін Талғат 4 қазан күні кешкі сағат алтылар шамасында жұмыстан шығып, таксиге отырған. Содан бері ешбір хабар жоқ көрінеді.

«Өзіміз екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отырмыз. Талғат – үйде екінші бала. Жоғалардан екі апта бұрын, 22 қыркүйекте өмірлік серігін тауып, отау көтерген еді. Кенеттен өзі жоғалып кетерліктей еш себеп жоқ», - дейді Талғаттың ата-анасы Әлібек пен Құрбанкүл.

Жоғалған жігіттің ата-анасы, туыстары мен некелі жары Таңшолпан көмек сұрап отыр. Үйден шыққанда үстінде көк джинсы шалбар, қызғылт түсті футболка мен қоңыр пиджак, қолында көк сөмкеге салынған ноутбук болған. Талғат аман-есен үйіне оралады деп үміттенеміз. Жоғалған жігіт туралы қандай да бір мәлімет білетін кісілер төмендегі телефондарға немесе «102» нөміріне хабарласуын сұраймыз.

Əкесі Әлібектің телефоны: 87757780188. Анасы Құрбанкүлдің телефоны: 87754240563.

Тағы оқыңыздар:

Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңгені жымқырды деген айыппен ұсталды

Бұрын жеті жылға сотталған экс-министр бүгінде талай адамға өмір сыйлауда

Бір күнде 18 еркекке қызмет көрсеткен қазақ қызы секс-құлдықта болған азапты күндерін баяндады

Қазақстандық инженер Forbes-тегі бай-бағландардың қатарына енді

Миллиондап жалақы алатын футболшылардың айлық табысына не алуға болады? (фото)

Қазақ журналисі "Алматы аренаның" Нью-Йорктағы кешеннен де асып түсетінін айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1305308-shymkentte-uly-bir-aydan-beri-tabylmay.html