RU

Күлекбаев жазасын өтейтін түрме туралы не білеміз? (фото)

Қостанай облысында Қазақстан бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар жазасын өтейтін жалғыз түрме бар. Ерекше режимдегі УК-161/3 түзету мекемесі "Қара бүркіт" атауымен танымал. Өлім жазасына кесілген Руслан Күлекбаев жазасын осы жерде өтейтін болады. Бұл туралы NUR.KZ порталы Voxpopuli.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әзірге өлім жазасына мораторий бар болғандықтан, Алматыда он адамды атып өлтірген Күлекбаев аталмыш түрмеде өмірінің соңына дейін болады.

Колония Жітікарадан 30 шақырымда орналасқан. Барынша қауіпсіз етіп қоршалған түрменің сымдарына түнде тоқ жүргізіледі. Бұл түрмеден қашып кету мүмкін емес.

Түрменің кіреберісінде ағаштан ойылған қара бүркіт бейнеленген. Бұл мекемеге ауыр қылмыс жасап, өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар түседі. Олар түрменің үш бөлігіне іріктеледі. Ең ауыр қылмыс жасағандар түрменің "ерекше" аймағына қамалады.

Сотталушының ас мәзіріне компот, кисель, шай, сүт, айран, шұжық, ірімшік және өзге де тағамдар кіреді.

16 камераның әрқайсында адам өлтірген үш-төрт қылмыскер жатады. Камералардың іші-сырты темір тормен қоршалған.

Сотталышулардың төсегі, үстелі, орындықтары, қол жуғышы мен дәретханасы темірден жасалған. Олар күніне екі сағат түрменің ішкі ауласында таза ауамен тыныстай алады.

Фото: voxpopuli.kz

Тағы да оқыңыздар:

Бақытбек Есентаев тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды

Бас прокурор қазақстандықтарға 10 сотық жер беру туралы заң жобасын жасауды ұсынды

Баян Мақсатқызы: Әкесінің үкімін естіген балаларым жылап жатыр

Оңтүстіктің ең танымал байлары кімдер?

Бақытбек Есентаев өзінің кінәсіз екендігін мәлімдеді

Түймебаев Шымкент әкімінің жұмысына төмен баға беріп, шенділерді әбден сөкті

Астанада контрабандамен айналысып келген кеден қызметкерлері тұтқындалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1305335-kulekbaev-zhazasyn-tartatyn-turme-tur.html