RU

Депутат: Тұңғышбай Жаманқұловты қылмыскерлердің қатарына қосуға асықпауымыз керек

Екінші қарашада қазақтың танымал актері, халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен қамауға алынған болатын. Мәжіліс депутаты Нұртай Сәбильянов танымал актерді қылмыскерлердің қатарына қосуға асықпауға шақырды деп хабарлайды Baq.kz.

«Тұңғышбай Жаманқұловтың жемқорлықпен ұсталуы – құқық қорғау органдарының тікелей жұмысы. Олар белгілі бір дәлелдерге байланысты істі бастады. Бірақ, халық Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталды екен деп оны қылмыскерлердің қатарына қосуға асықпауы керек. Оған әлі негіз жоқ», - дейді Сәбильянов.

«Бүгінгі таңда құзырлы органдар тиісті тергеу жұмыстарын жүргізуде. Одан кейін іс сотқа жіберіледі. Сонда оған қатысты шешім шығады. Үкім заңды күшіне енгеннен бастап, біз сотталған азаматтарды қылмыскер деп айта аламыз. Оған дейін біз қоғамда жағымсыз ой-пікір тудырмауымыз керек», - деп жалғастырды депутат.

Сонымен қатар депутат 9 жылға сотталған Баян Есентаеваның жұбайы Бақытбек Есентаевқа өз пікірін білдірді.

«Жалпы қоғамда азаматтарға, әсіресе әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсеткен адамдарға қатаң жаза қолдану керек. Бұл әділ жаза деп есептеймін. Бұл мәселе үнемі құқық қорғау органдарының бақылауында болуы шарт», – деп түйіндеді сөзін халық қалаулысы.

Айта кетейік, Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бақытбек Есентаевқа сот үкімін шығарды.

Тағы да оқыңыздар:

Бақытбек Есентаев тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды

Бас прокурор қазақстандықтарға 10 сотық жер беру туралы заң жобасын жасауды ұсынды

Баян Мақсатқызы: Әкесінің үкімін естіген балаларым жылап жатыр

Оңтүстіктің ең танымал байлары кімдер?

Бақытбек Есентаев өзінің кінәсіз екендігін мәлімдеді

Түймебаев Шымкент әкімінің жұмысына төмен баға беріп, шенділерді әбден сөкті

Астанада контрабандамен айналысып келген кеден қызметкерлері тұтқындалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1305367-deputat-tunhghyshbay-zhamanqulovty-qylm.html