RU

Қазақ ас үйі ең зиянды тағамдар тізіміне кірді

Әлемдегі ең пайдасыз тамақтану көрсеткіштері қойылған антирейтингте қазақ ас үйі «мәртебелі» бестікке енді. Бұл тізімді Steaklovers.menu сайты жариялаған деп жазады ztb.kz.

Аталған рейтингте көшті Армения бастайды. Дәстүрлі тағамдарындағы тәттінің тым көп мөлшері мен қазіргі таңдағы мықты ұлттық тағамтану институттарының жоқтығы Армениядағы дұрыс тамақтану тәртібінің бұзылуына алып келген екен.

Еуропадағы артық салмақтан, тұзды пайдаланудан ең жоғарғы орында болуы мен ең төменгі өмір сүру ұзақтығы сияқты көрсеткіштердің «көмегімен» Венгрия зиянды тағам тұтынуда екінші орынға жайғасқан.

Атақты вафлиі, фри картобы, сырасы, жергілікті жылдам тамақтану орындарымен танымал Белгия халқы өзінің күнделікті рационымен бірге тізімнің үшінші жолағын иемденіпті.

Төртінші орында – Чехия. Басылымның мәліметінше, бұл мемлекетте вегетариан болу мүмкін емес сияқты. Өйткені, мұнда ет пен сыра өте арзан тұрады, ал жергілікті халық ет, оның ішінде шошқа майын, сыраны, құймақ пен картоп тағамдарын шектен тыс

тұтынатын көрінеді.

Қазақстан рейтингтің бестігін бекітеді. Сайт біздің елдегі дәстүрлі тағамдарға майлы ет пен сүт өнімдерін жатқызса, қазіргі Қазақстандағы тым көп фаст-фуд танымалдылығына мән бере отырып, осы орынға лайық көрген.

Бізден кейін, тізімде Белорусь мемлекеті. Олар картоп тұтынуда әлемдік лидерлігінің «арқасында», осы ретингтің алтыншы жолағына көтерілген.

Бір қызығы, әлемдегі ең көп артық салмақ көрсеткіштері, фаст-фудтың рекордтты тұтыну деңгейі америкалықтарды тізімде тек тоғызыншы етіп көрсеткен. Бірақ, басылым бұның өзін жағымсыз фактор етіп түсіндіреді.

Тағы да оқыңыздар:

Өскеменде әскерде оңбай таяқ жеген сарбаз ауруханада ес-түзсіз жатыр

Әйелдер еркектерге қарағанда әлдеқайда көп жұмыс істейтін болып шықты

Баян Мақсатқызы: Бұл жаныма қатты батты

Бақытбек Есентаев тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды

Илья Ильин мемлекеттік қызметке ауысып жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1305414-qazaq-uyi-enh-ziyandy-taghamdar-tizimi.html