RU
Баян Мақсатқызы: Бұл жағдай жаныма қатты батты

Баян Мақсатқызы: Бұл жағдай жаныма қатты батты

Рассказать Вконтакте

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы өзінің желідегі парақшасында бұрынғы күйеуінің 9 жылға сотталуына қатысты өз пікірін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Баян Мақсатқызының желідегі толық жазбасы:

"Мен кешіргенімен, заң кешірмеді. Оның, менің, балаларымның өміріміз, маңдайымызға жазылғаны осы болды. Бір-бірімізді түсіне алмағанымызға, балаларымның көз жасы үшін, қателіктер мен ойланбай қабылдаған шешімдер үшін жаным қатты қиналып отыр.

Менің сын сөздерге, өзіме қадалған көздерге, қоғамдық пікірлердің алуандығына етім баяғыда-ақ өліп кеткен. Ешкім біз де адам бар екенімізді, қателікті әр адам жасауы мүмкін екенін түсінгісі келмейді.

Мен өмірімде болған бұл жағдай қателік пе, не екенін қалай боларын өмір өзі көрсетер.

Кейде жүректегі сезім ақылға бағынбайтын кездер болады. Мен де, ол да соның етегінде кеттік. Әрқайсымыз өз жазасын алды. Заң бәріне бірдей.

Бірге тұрған 22 жыл ішінде бізде жақсы да, жаман да болды. Оның өте жақсы екенін үлкен сеніммен айта аламын. Жалғыз өзім балаларымды тәрбиелеу де оңайға соқпасы анық. Бірақ мен мұның бәрін жеңем.

Менің бұрынғы күйеуім мықты адам, сондықтан мен оған денсаулық, сабыр тілеймін. Оның өмірі әлі де жақсы болады деп сенемін", - деді ол.

Еске салсақ, Баян Мақсатқызының күйеуі Бақытбек Есентаев 9 жылға бас бостандығынан айрылды. Соңғы сөзінде ол өзінің кінәсіз екенін мәлімдеді.

Тағы да оқыңыздар:

Бақытбек Есентаев тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды

Бас прокурор қазақстандықтарға 10 сотық жер беру туралы заң жобасын жасауды ұсынды

Баян Мақсатқызы: Әкесінің үкімін естіген балаларым жылап жатыр

Оңтүстіктің ең танымал байлары кімдер?

Бақытбек Есентаев өзінің кінәсіз екендігін мәлімдеді

Түймебаев Шымкент әкімінің жұмысына төмен баға беріп, шенділерді әбден сөкті

Астанада контрабандамен айналысып келген кеден қызметкерлері тұтқындалды

Сіздің реакцияңыз
21
2
5
9
0
6
9
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel