Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік жігіт отбасылық проблемадан құтылу үшін көпірден секірмек болды (фото)

Опубликовано:

Шымкенттің полицейлері көпірден секірмек болған кісіні құтқарып қалды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды деп жазады otyrar.kz.

2 қараша күні кешке Тәуелсіздік саябағын жаяу бақылап жүрген сержант Рүстем Қадыров көпірден секіргелі тұрған адамды байқап қалады. Ол темір қоршаудан асып түскен екен. Қасына келгенде мас екені байқалады.

Оны әңгімемен аладусыратып тұрған сержант бір кезде киімінен шап етіп ұстап алады. Содан кейін әріптестерімен бірге қауіпсіз жерге алып шығады.

Өзіне өзі қол жұмсамақ болған адам 37 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Бұған дейін сотты болған жігіт бұл қадамға жеке өміріндегі проблеманың кесірінен бармақ болғанын айтады. Өз инспекторларға алғысын да айтып отыр.

Полицейлер мас кісіні тірек бекетіне алып барады. Осы жерде жедел жәрдем дәрігерлері оған алғашқы көмек көрсетті. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Тағы да оқыңыздар:

Өскеменде әскерде оңбай таяқ жеген сарбаз ауруханада ес-түзсіз жатыр

Әйелдер еркектерге қарағанда әлдеқайда көп жұмыс істейтін болып шықты

Баян Мақсатқызы: Бұл жаныма қатты батты

Бақытбек Есентаев тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды

Илья Ильин мемлекеттік қызметке ауысып жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1305675-shymkenttik-zhigit-otbasylyq-problema/

pixel