RU

Қазақстаннан Ресейге кетіп қалған 12 жасар шахматшы қызға пәтер берілді (фото)

Қазақстаннан Ресейге кетіп, сол елдің атынан жарысқа шығып жүрген 12 жастағы шахматшы қыз Бибісара Асаубаеваға Мәскеу облысына қарасты Химки қаласынан пәтер берілді, деп хабарлайды NUR.KZ порталы Chess-news.ru сайтына сілтеме жасап.

Басылым бұндай құрмет бұрын-соңды шахматшыларға көрсетілмегенін жазады. Украинадан шыққан ересектер арасындағы чемпиондар Анна Ушенина мен Мария Музычук уәде етілген пәтерлеріне әлі қолдары жетпей жүр, ал Ресейде мен деген гроссмейстерлерге осы күнге дейін тек автокөліктер ғана беріліп келген.

Асаубаеваның пәтеріне бірден еврожөндеу жасап берген. Спортшы қыз жаңа қонысына көшіп алды.

Еске сала кетейік, 31 қазанда Асаубаева осымен бесінші рет балалар чемпионатында жеңіске жетті. Ол Ресей туының астында бірінші рет өнер көрсетіп отыр. Бұл құрама сапына Асаубаева қыркүйек айында ауысқан болатын.

12 жастағы Бибісара Асаубаева Тараз қаласында туған. Бірнеше рет елімізде чемпион атанған.

Тағы да оқыңыздар:

Өскеменде әскерде оңбай таяқ жеген сарбаз ауруханада ес-түзсіз жатыр

Әйелдер еркектерге қарағанда әлдеқайда көп жұмыс істейтін болып шықты

Баян Мақсатқызы: Бұл жаныма қатты батты

Бақытбек Есентаев тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды

Илья Ильин мемлекеттік қызметке ауысып жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1305701-qazaqstannan-reseyge-ketip-qalghan-12-zha.html