RU

Алматы облысында 11 жасар баланы анасының көңілдесі өлтіріп кетті

Алматы облысында аутизмге шалдыққан 11 жасар Расул Әділов аяусыз өлтірілді. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның мәйіті зауыттың маңындағы арықтан табылған. Ұлының жоғалғаны туралы айтып, полицейлерге дабыл қаққан ер адам қылмысқа әйелінің бұрынғы көңілдесінен күдігі барын жасырмайды. Тәртіп сақшылары аталмыш азаматты құрықтаған кезінде ол баланың мәйітін қайда жасырғанын көрсетті.

Расулдың денесінен көптеген дене жарақаттары табылған. "Кәмелетке толмаған баланы ұрлап, қасақана өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Лариса Штоппельдің материалынан аударылды.

Тағы оқыңыздар:

Қазақша мақтан: Жігіттер кредитке той жасап, ата-анасының үйін кепілге қоя бастады (фото)

Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңге жымқырғанын мойындады

Қазақстаннан Ресейге кетіп қалған 12 жасар шахматшы қызға пәтер берілді

Қазақ қызы ерлердің журналы үшін жалаңаштанып суретке түсті

Ислам тыйған күнәдан бас тартқан адамдардың әлпеті қалай өзгерді?

Шымкенттік жігіт отбасылық проблемадан құтылу үшін көпірден секірмек болды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1305738-almaty-oblysynda-ayeldinh-konhildesi-n.html