RU

Мэнни Пакьяо: Боксқа қайта оралуыма Головкин себепші болды

Филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо шаршы алаңға Геннадий Головкин мен Келл Бруктың жекпе-жегін көргеннен кейін қайтып оралғанын айтты деп хабарлайды Baq.kz.

Естеріңізге салып өтсек, Тимоти Брэдлиді жеңгеннен кейін филиппиндік боксшы спорттық мансабының аяқталғанын жаһанға жария етіп, тіпті Филиппин сенатына да сайланған еді. Алайда, кейін былғары қолғап шебері ойынан айнып, бокс әлеміне қайтып оралды. 6 қарашада бокшсы WBO чемпиондық титулы үшін америкалық Джесси Варгасқа қарсы жекпе-жек өткізеді.

«GGG-дің Брукпен қалай жұдырықтасып жатқанын көріп, аяқ астынан көңілім түсіп, жаным құлазып кетті. Мен енді шаршы алаңға қайтып оралмайтын шығармын деп үнемі ойлайтын едім. Спорттан кетсем де, жылдамдығым да, соққыларым да жаман емес екенін білдім. Боксқа оралу ниетім де болды. Ақыры «Неге мен осы жұдырықтасуды жалғастырмадым?» деп өз-өзіме сұрақ қойдым. Әдетте мен өзге боксшылардың жекпе-жегін көре бермеймін, бірақ осы жолы белгісіз бір себеппен ұстанымымды өзгерттім», - дейді Пакьяо.

Орта салмақта сынға түсетін қазақстандық Геннадий Головкин 10 қыркүйекте британиялық Келл Брукпен қолғап түйістірген еді. Отандасымыз қарсыласын бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Тағы оқыңыздар:

Қазақша мақтан: Жігіттер кредитке той жасап, ата-анасының үйін кепілге қоя бастады (фото)

Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңге жымқырғанын мойындады

Қазақстаннан Ресейге кетіп қалған 12 жасар шахматшы қызға пәтер берілді

Қазақ қызы ерлердің журналы үшін жалаңаштанып суретке түсті

Ислам тыйған күнәдан бас тартқан адамдардың әлпеті қалай өзгерді?

Шымкенттік жігіт отбасылық проблемадан құтылу үшін көпірден секірмек болды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1305821-menni-pakyao-boksqa-qayta-oraluyma-go.html