RU

Ислам мемлекетінің көсемі Түркияға сес көрсете бастады

«Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобы интернетке өздерінің лидерлері Әбу Бәкр әл- Бағдадидің үндеуінің аудиожазбасын жариялады. Жазбаның ұзақтығы жарты сағаттай. Оның дәлдігі анықталмаған деп жазады centralasian.org.

Аудиожазбада өзін әл-Бағдади деп таныстырған адам жақтастарын Мосулды шабуылдап жатқан Ирак әскеріне қарсылық көрсетуге және берілмеуге шақырған. Оның өзі ИМ-нің жеңісіне сенетінін білдірген. Ол сонымен бірге Түркияға сес көрсеткен.

Бұл әл-Бағдадидың бір жылға жетер-жетпес уақыттан кейінгі бірінші үндеуі. Осының алдында оны мерт болды деп болжаған.

Жазба Мосулды азат етуге арналған шабуылдардан кейін екі апта өткен соң жарияланып отыр. ИМ 2014 жылдың маусымында Ирак территориясының үштен бірін басып алған соң Бағдади Мосулда Ирак пен Сирия территориясында "ислам мемлекеті" орнағанын жариялаған.

ИМ-мен күресетін АҚШ жетекшілік ететін коалицияның мәліметінше, Мосулда үш мыңнан бес мыңға дейін содыр бар. Мосулға шабуылдап жатқан әскер саны ондаған мыңға жетеді. Осы аптада ирак әскері Мосулдың шығысындағы ауданға кірді.

Тағы оқыңыздар:

Қазақша мақтан: Жігіттер кредитке той жасап, ата-анасының үйін кепілге қоя бастады (фото)

Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңге жымқырғанын мойындады

Қазақстаннан Ресейге кетіп қалған 12 жасар шахматшы қызға пәтер берілді

Қазақ қызы ерлердің журналы үшін жалаңаштанып суретке түсті

Ислам тыйған күнәдан бас тартқан адамдардың әлпеті қалай өзгерді?

Шымкенттік жігіт отбасылық проблемадан құтылу үшін көпірден секірмек болды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1305838-islam-memleketininh-kosemi-turkiyagha-s.html