RU

Қазақ тойындағы кішкентай PSY-ға қонақтар ақша "жаудырды"

Gangnam Style әнімен танымал болған кәріс әншісі PSY-ды айнытпай салған қазақ балақайға той қонақтары ақшамен алғыс білдірді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан балайқайдың бұл образды сомдауына бірнеше бойжеткен көмектесіп тұрғанын байқауға болады. Ал той қонақтары бірінен соң бірі ақшаларын алғыс ретінде балақайға беріп жатыр.

Дегенмен қонақтарға жаққан баланың өнері желі қолданушыларына ұнамай қалған сыңайлы.

"Тойда үлкен кісілер бар, мына би ұят екен", "Бұлай билеген дұрыс емес, кішкентай бала мен үлкен кісілер бар", "Ұят, қазаққа жат қылық, қыздарына, әсіресе ұят", "Бұл би баланың жасына сай келмейді, және де осы биді үйреткен адам не ойлады екен? Ешқандай тәрбиелік мәні жоқ. Өкінішті", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Тағы оқыңыздар:

Қазақша мақтан: Жігіттер кредитке той жасап, ата-анасының үйін кепілге қоя бастады (фото)

Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңге жымқырғанын мойындады

Жазира Байырбекова күйеуінен таяқ жеген кездерін жасырмай айтып берді

Мақпал Жүнісова: Тұңғышбайды бірден қамап тастағаны сұмдық қой

Күйеуін көңілдесімен ұстап алған әйел не істеу керектігін білмей, елден ақыл сұрады

Сауат Мыңбаевтың бір басында 30 орынбасары бар болып шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1305882-qazaq-toyyndaghy-kishkentay-psy-gha-qonaqta.html