RU

Арқан тартыс ойынында бар күшін салған бала желі қолданушыларын жылатты

Арқан тартыс ойынында бар күшін салып, айрықша табандылығымен көзге түскен 12 жастағы Айбатыр желі қолданушыларын тәнті етті деп хабарлайды NUR.KZ.

"Мен - чемпионмын" деп аталатын республикалық спорттық ойынға қатысқан Орал командасы Ақтөбелік командадан жеңіліп қалып, ойынның 1/8 финалына өтпей қалды. Бірақ Орал командасы ойыншыларының ішінде ерекше көзге түскен Айбатыр желі жұлдызына айналды.

Бойындағы бар күшін салып, күш-қуатын аяғына дейін жұмсаған Айбатырдың табандылығы ел есінде көпке дейін қалатын сияқты. Арқанды қарсылас командағы ұттырып алмауға тырысқан Айбатырдың бойында тасыған күш-жігері көпшілікті тәнті етті.

"Бұл сәт естен кетпестей болды. Балалар арқанды 5 минутқа жуық уақыт тартты. Себебі, кішкентай болса да, табанды Айбатыр қызыл сызықтан арқанды қолдан бермеуге барынша тырысып бақты. Ол бүкіл команда айрылып қала жаздаған арқанды жалғыз өзі тартып, қызыл сызықтан өткізбей қойды. Басында тұрып тартты, одан кейін жығылды, жерге құлады, тіпті жылап алды. Бірақ жеңілмеді", - деп жазды жоба менеджері Ульяна Әшімова өзінің желідегі парақшасында.

Видеодағы Айбатырдың жеңіске деген құлшынысын желі қолданушыларын жылатты.

Тағы оқыңыздар:

Қазақша мақтан: Жігіттер кредитке той жасап, ата-анасының үйін кепілге қоя бастады (фото)

Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңге жымқырғанын мойындады

Қазақстаннан Ресейге кетіп қалған 12 жасар шахматшы қызға пәтер берілді

Қазақ қызы ерлердің журналы үшін жалаңаштанып суретке түсті

Ислам тыйған күнәдан бас тартқан адамдардың әлпеті қалай өзгерді?

Шымкенттік жігіт отбасылық проблемадан құтылу үшін көпірден секірмек болды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1306036-arqan-tartys-oyynynda-bar-kushin-salgha.html