RU

Қатерлі ісікке шалдыққан қыздың бір түйір кірпігі қалды (фото)

Австралиядағы 7 жасар бүлдіршін қыздың оқиғасы бүкіл әлем тұрғындарының жүрегін елжіретті. Қатерлік дертке ұшыраған Хейлидің химиялық терапиядан кейін бір түйір кірпігі ғана қалған.

Актер әрі комик Эндрю Браун қызы Хейлидің ракпен ауыратынын осы жылдың маусымында білген. Қыздың мұрнындағы ісіктің диаметрі 5 сантиметрге дейін өсіп кеткені ата-анасының жанына батады.

Бүлдіршінге 8 айлық химия терапия курсы тағайындалады. Бұл емдеу тәсілдері өте қымбат еді, сондықтан Эндрю қызы үшін қойылымдар қойып, содан түскен ақшаны емге жұмсаған.

Алайда, ата-анасының емге жинаған ақшасы қызының толықтай айығуы үшін жетпей қалады. Осыдан соң, олар химиялық терапиядан кейін жалғыз түйір кірпігі қалған қызының суретін салып, желі қолданушыларынан көмек сұрады.

«Ауырғанға дейін Хейдидің кірпіктері өте ұзын еді. Оған барлығы қызығатын. Ол қазір өзінің бір түйір кірпігі қалғанын білмейді», - дейді Хейдидің әкесі.

Ал бүлдіршіннің анасы Лея болса, әлгі жалғыз түйір кірпіктің шыдап тұрғанына екі апта болғанын айтады.

Осы суретті көрген ғаламтор қолданушылары бірнеше күннің ішінде қажетті соманы жинап берді. Ата-анасының қуанышында шек жоқ. Алайда, Хейдіді әлі екі химия терапия және бес апталық сәуле терапиясы күтіп тұр. Бірақ дәрігерлер бүлдіршіннің бәрін жеңіп шығатынына сенімді.

Тағы оқыңыздар:

Қазақша мақтан: Жігіттер кредитке той жасап, ата-анасының үйін кепілге қоя бастады (фото)

Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңге жымқырғанын мойындады

Жазира Байырбекова күйеуінен таяқ жеген кездерін жасырмай айтып берді

Мақпал Жүнісова: Тұңғышбайды бірден қамап тастағаны сұмдық қой

Күйеуін көңілдесімен ұстап алған әйел не істеу керектігін білмей, елден ақыл сұрады

Сауат Мыңбаевтың бір басында 30 орынбасары бар болып шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1306037-qaterli-isikke-shaldyqqan-qyzdynh-bir-t.html